Барлық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Мәсіхтің Рождествосы-әр түрлі халықтар мен діндердің өкілдерін біріктіретін мәңгілік рухани құндылықтардың мерекесі.
Ол адамдардың жүрегін сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен, көршісіне және жалпы адамзатқа жанашырлықпен толтырады, өмірді бағалауға және үйлесімділік пен келісімде өмір сүруге үйретеді. Осы құндылықтардың арқасында Қазақстан халқы серпінді түрде алға жылжуда, қоғамдағы әлеуметтік әл-ауқат пен рухани келісімді нығайтуда.
Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, рухани күш, игі істерде табыс, бейбітшілік пен амандық тілеймін!
Қала әкімі Виктор Ионенко