Құтқарушылар күні: Батырларымызды ұлықтау

19 қазанда Қазақстанда құтқарушылар күні атап өтіледі. Оны өрт сөндіру және су-құтқару қызметі, азаматтық қорғаныс қызметкерлері атап өтеді. Біздің тау-кен құтқарушыларымыз, дәлірек айтсақ, ақтөбе және қостанай облыстарында орналасқан кәсіби апаттық-құтқару қызметінің Солтүстік Қазақстан филиалының мамандары да атап өтеді.

Қызмет 1960 жылы құрылды. Алғашқы құтқарушылар Жітіқарадан келді. Келесі жылы қызмет 65 жылдық мерейтойын атап өтеді. Солтүстік Қазақстан филиалында 500-ге жуық адам бар. Екі облысқа қызмет көрсетіледі: Ақтөбе және Қостанай облыстары. Біздің қала туралы айтатын болсақ, Рудныйда «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатына» қызмет көрсететін өрт сөндіру бөлімі бар, олардың саны 128 адамды құрайды.

Асыл Ақшалов — қауіпті жағдайларда адамдарға көмектесуге арналған кәсіби құтқарушы. Ұйымда 8 жылдан бері  жұмыс істейді. Ол өз жұмысында — «әрбір адам өмірі маңызды және оның міндеттері тек командирлердің бұйрықтарын орындау ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайларда батыл және шешуші әрекет ету», — деген қағиданы басшылыққа алады.

«Әр адам әрқашан бәрін біле бермейді. Жыл сайын немесе әр минут сайын сіз жаңа нәрсені үйренуіңіз керек. Сондай-ақ, біздің салада-қандай да бір инновациялар орын алып жатқан кезде әрдайым білім аламыз, дайындаламыз.Біздің жұмысымызға кез келген адам бара бермейді. Менің ойымша, психологиялық тұрғыдан дайындалған адамдар барады. Ол бізде жұмыс істей алатынын тағылымдамадан өтіп жатқанда көре аламыз. Қызметкерлеріне сенімді болу үшін біздің басшылық үнемі адамдарды құтқару немесе өртті сөндіру жұмыстарын қадағалайды. Бізден талап етілетін кез келген көмекті көрсетеміз. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.тМенің ұжымым жақсы. Әр бөлішме екі топтан тұрады. Жастар да, қарттар да бар. Біреуі үйреніп жатса, екіншісі үйретеді», — деді Асыл Ақшалов, КӘАҚҚ РОШ жедел-алдын алу жұмысы бойынша Солтүстік Қазақстан филиалының құтқарушысы

Құтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында жауынгерлер спартакиадаға қатысты. Командаларға бөлініп, іс-әрекеттегі шеберліктерін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *