Ұлттық дәстүрлі ұлықтаған

Өткен жылдан бері Рудный қаласында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы жұмыс істейді. Осы жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген әйелдер қауымы ұлттық мәдениетті, әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді және қазақ халық қолданбалы өнерін насихаттауға бағытталған шаралар өткізеді. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының төрайымы Нинагүл Пушаева ұйым жұмысы жайында және қоғамдағы отбасы интитутындағы ата-ананың тәрибесінің маңыздылығы жайында өз пікірімен бөлісті.

 — Филиал жұмысының мақсаты қандай?

— Осы жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген әйелдер қауымы ұлттық мәдениетті, әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді және қазақ халық қолданбалы өнерін насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Жобаның мақсаты — ұмытылған дистураларды жаңғырту, қазақ кимшектерін, тақияларды, ақ орамалдарды жеткізу, сондай-ақ қазақ киімдері мен өрнектерін дәріптеу. Қазақ киімі тек сахнада ғана емес, күнделікті өмірде де болуы керек. Біз ұмытылған ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды және қазақ халық қолданбалы өнерін жандандыруға және насихаттауға тырысамыз. Бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің өз халқының мәдени мұрасын түсініп, құрметтеп өсуі үшін қажет. Қазіргі таңда ұйым мүшелерінің саны – 85. Арасында 70 жастан асқан ақ жаулықты апаларымыз, жас келіндер және әр саланың мамандары бар.

— Кез келген ұлт тілімен, дәстүрімен ерекшелетіні сөзсіз. Бұлар жоқ болса, Тәуелсіздігімізге де нұқсан келері анық. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарды сақтап, оларды барынша дәріптеп отыру керек. Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттау үшін қандай іс-шаралар мен бастамалар жүргізіледі?

— Қалалық филиал әлеуметтік желілердегі кездесулер мен чаттар арқылы белсенді жұмыс істейді, онда ата-әжелер, аналар, абысындар мен келіндер институтының ұрпақтарын тәрбиелеуге оң әсер ететін озық бағыттары талқыланады және насихатталады. Бауырластардың бірлігіне ықпал ететін ұлттық дәстүрлердің түрлерін жаңғыртуға және күнделікті өмірге енгізуге ерекше назар аударылады. Филиал ұйымдастырған маңызды іс-шаралардың бірі – «Дәстүрімнің балқаймағы-әжелер» атты қалалық байқауы. Атап өтейік, ақ кимешек киген әжелер арасындағы байқау қаламызда алғаш рет ұйымдастырылды. Келесі жылыда өтеді. Мемлекет басшысы барлық салт-дәстүрімізді күнделікті қолданысқа енгізуді кеңейтіп, жақсы жолға қойып отыр. Бұл іс-шаралар ұлттық кодтың маңызды бөлігі болып табылатын өз Отанының тарихын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, үлкендер мен кішілерге деген құрметін сақтай алатын тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.Сонымен қатар, ұйым мүшелерімен үлгі насихат жұмыстарын жеке отбасы мүшелерімен де жүргізеді. Мысалы осы бір жыл ішінде ажырасу кезеңінің алдында тұрған 5-6 отбасын сақтап қалуға көмек көрсеттік. Мектеп жасындағы қыздармен жүру, амандасу тәртібі жайында тұрақты тренингтер өткіземіз. Алдағы жоспарымыз – «Абысын ажын» қалалық байқауын өткізу. Бұл жас келіндердің, абысындар арасындағы байланысты, әулеттегі сыйластықты нығайту және ұмыт қалып бара жатқан дәстүрлерді дәріптеу мақсатында жоспарланған. Ұйымдағы шығармашыл қауымның сұранысымен «Аналар» ансамблінде құрдық. Алдағы уақытты кеше мерекелік жиындарымыз өтпек.

— «Қазақ аналары-дәстүрге жол» қалалық филиалы өз ықпалын тез кеңейтуде. Рудныйда ұлттық дәстүрлерді жаңғырту мен насихаттауға қоғамның белсенді қызығушылығы байқалады. Қатысушылардың айтуынша, бұл бастама жас ұрпаққа қазақ халқының мәдени мұрасын сақтауға және көбейтуге көмектеседі, бұл әсіресе жаһандану жағдайында маңызды. Бірлестіктің жергілікті қоғамдастыққа әсерін қалай бағалайсыз?

— Жан дүниенің — айнасы,адамның- көркі киім киюдегі қазақ өнегесін паш ету, дастархан мәзіріміздегі ерекше ғұрпымызды көрсетіп, тәрбиелік маңызын зерделеу де ұйым қолға алған игі шаралардың бірі.Осындай ұлт мүддесін ұлықтаған,ел тағдырын өз жұмысының қазығы еткен ізгі мақсат қашанда жүректерге жетіп,өз қолдаушысын табады ғой.  Қазақ дәстүрлерін сақтауға және насихаттауға мүдделі барлық адамдарды «Қазақ аналары — дәстүрге апарар жол» бастамаларына қосылуға шақырамыз. Біз ғасырлық дәстүрлерімізді дәріптеп, оларды балаларымыз бен немерелерімізге беруіміз керек. Тек осылай ғана біз болашақ ұрпақ үшін мәдени болмысымыз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтай аламыз.Ұлттық салт-дәстүрлеріміз ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық­тарымыз болғандықтан, оларды қолымыздан келгенше дәріптеп, жас ұрпақтың бойына сіңіре беруіміз керек. Ал ұлтымыз үшін игілігі мен тағылымы мол ұйымдардың шаралары өз Отанының тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, рухани құндылықтарын бойына сіңірген, үлкенге ізеті, кішіге құрметі бар, яғни ұлттық кодты сақтай алатын тұлға қалыптастыруға себепші болады деген сенімдеміз.

 

Сұхбаттасқан Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *