№ 1 Жалпы білім беретін мектепте «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қазақ қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен «Тәрбие төл бесіктен басталады» тақырыбында кездесу сағаты өтті.
Кездесу ұлттық мәдениетті, әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді және қазақ халық қолданбалы өнерін насихаттауға бағытталған.
«Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің филиалы Рудныйда екі жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Осы жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген әйелдер қауымы қазақ халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрлерін насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізеді. Іс-шаралар арасында отбасылармен, балабақшалармен, мектептермен жұмыс істейді. Осы жолы Шебер аналар дәстүрлерді болашақ ұрпаққа жеткізу қаншалықты маңызды екенін № 1 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына айтып берді.
Қоғамдық бірлестігінің мақсаты — қазақ халқының ұмытылған, ескірген дәстүрлерін жандандыру, оларды қазіргі қоғамға енгізу болып табылады. Нинагүл Пушаеваның айтуынша, негізінен бұл отбасы арқылы болады. Себебі дәстүрлерді баланың алғашқы қадамдарынан бастап, отбасында тәрбиелеу керек. Егер тәрбие жақсы болса, болашақта мектепте және қоғамда бала осы жолмен жүреді.
Кездесу домбыра үнімен орындалған жанды халық әндерімен аяқталды. Аналар жобасы төрайымы Нинагүл Пушаева мұндай кездесулерді қаланың басқа мектептерінде де өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.