Ұлытаудағы ұлы жиын

Мынау дөңгеленген дүниеде адамзат тарихы қателіктер мен түзетулерден тұратыны белгілі. «Жақсы ой әманда жақсылыққа шақырады» дейді ұлы халқымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы Ұлттық Құрылтайда Жаңа Қазақстанның сара жолдарын нақтылап берді. Атап айтсақ, имандылық, қазақи құндылық, еңбекқорлық, әділдік, білім мен ғылымды бойға сіңіру керек деді. Осындай киелі жерде айтылған тілек қабыл болсын деген ниетпен осы өлең жолдарын ұсынамын:

Құрылтайдың құрметіне

Құтты болсын Қазақ елі – Құрылтай,

Ұлытауда өткеніне көңіл жай.

Қасиетті ұлылардың мекені,

Ұлы істерге болсын әркез

көңіл сай.

Қилы тағдыр кезең туса еліме,

Қиғаш жанар қиюланса жеріме,

Ата-баба Құрылтайда бас қосқан,

Болмауы үшін алаңқайлық көңілде.

Ел иесі салт-дәстүрге бас иген,

Қасым-Жомарт шықты бүгін көңілден.

Қазақилық құндылықты

дәріптеп,

Ата жолын ұлықтауды жөн көрген.

Игі ісіне Президенттің ырзамын,

Әттеген-ай деп жүруші еді көңіл мұң.

Оң істерге аяқ басты жаңа ел,

Оян Қазақ таза, адал пейілмен.

Жаңбыршы ТҰҚАТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *