Әділетсіздіктің құрбаны

Совет заманында идеологияның кесірінен әділетсіздік құрбаны болған асылдардың саны өте көп. Кейде олар туралы жазылған өтірік деректерді, доностарды оқуға жаным шыдамайды. Жүрегің аузыңнан шығып кететіндей күй кешкен сәттер қаншама?!

Атырауда тұратын белгілі тарихшы-ғалым, т.ғ.д., проф. Аққали Ахмет ағаммен тілдескенімде, ол кісі де «Түркістан легионының» қасіретін айтып, көңілі босап еді.

Серік Шәкібаевтың тапсырыспен жазылған өтірікке толы бұрмаланған романындағы жағымсыз бір кейіпкер ретінде суреттелген Әлихан Ағаевты неміске берілген, советке қастық ойлаған жау қылды.

Ә. Ағаев есім-сойдың мәні – Алаш көсемі Әлиханның есімін (Ә. Бөкейхан), Ағаев (64 күн өмір сүрген Түркістан мұхтариятының министрі Хидаятбек Ағаев) тегін таңдап алған.

Ә. Ағаевтың шын есімі – Әмірхан Тілеумағамбетов деген қазақ ұлтшылы.

Әмірхан ағаның сүйегі –Ысық руынан. Атыраудың Қызылқоға Тайсойғанының тумасы.

Міне, осы Әмірхан аға (Ә. Ағаев) әлі күнге дейін «шпион», «Халық жауы», Диверсант» деген нақақ жаладан құтылмады.

Екінші Жиһан соғысынан кейін Сталиннің түрмесіне қамалып, жазасын өтеді.

2020 жылдың 2 наурызында Ғылым академиясында Тарих институтының ұйымдастыруымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселесі бойынша жиын өтті. Сол жиында бір орыс тілді тарихшы профессор әйел «Түркістан легионы» мүшелерін ақтамау керек деп шу шығарып, оларды жау деп санаған болатын. Жазықсыз жандар қашан ақталады?! Әділдік қашан орнайды?!

«Екі күймек бір жанға әділет пе?!» (Абай). Алаш идеясын ұстанған «Түркістан легионы» өкілдері ақталуы тиіс.

Елдос ТОҚТАРБАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *