ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН – ЕРКІН АЗАМАТТАР ҮШІН  

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры Қазақстанда әділ және гүлденген қоғам құруға деген ортақ ұмтылысты біріктіреді. Қордың мақсаты — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформалар бағыты — әділ Қазақстанның құрылуына өз үлесін қосуға дайын белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды біріктіру.

Президентіміз жүзеге асыратын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – Қазақстанның табысты дамуының кепілі. Қордың міндеті — Қазақстан тұрғындары мен билік арасындағы қолданыстағы кері байланыс арнасын қамтамасыз ету, ел азаматтарының әрбір дауысын тыңдауға мүмкіндік беру. Қоғамдық қорды еліміздің барлық облыстарының белсенділері құрды. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары, фермерлер, кеншілер, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер, журналистер, түрлі ғылыми-өндірістік бірлестіктерінің өкілдері. Өз күштерін, тәжірибесі мен мүмкіндіктерін адамдардың әділетті Қазақстанның басталуын сезінуіне бағыттайды. Қор өкілдері «Рудный Су Арнасы» серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті.

«Бұл қарапайым жұмысшыларға назар аударған алғашқы қор. Бұл ретте бізге Қостанай облысында өз жақтастарымызды табу өте маңызды. Батыста мұнайшылар, қарапайым қызметкерлер сияқты жұмысшыларды қолдайтындар өте көп делік. Сіздер білесіздер, біздің Қостанай облысы агроөнеркәсіп кешені болып саналады және бізде қалада тұрып, демалыс күндері ауылға егін жинауға баратын адамдар көп. Біз өз жақтастарымызды жинауымыз керек. Бізде де жұмысшылар біздің қоғамның негізі екенін есте сақтайтын адамдар бар», — деді Қостанай облыстық «Журналистер одағы» филиалының төрағасы Александра Серғазинова.

Осы уақытқа дейін халық үніне құлақ асатын мемлекет жүйесі шенеуніктердің жауабын ескере отырып, «жоғарыдан» салынды. Қордың идеясы — еститін мемлекетті «төменнен» жоғары жаққа қалыптастыру. Қоғамдық күштер оларды шешуге қосылған кезде мәселелер жақсырақ және тезірек шешіледі. Бұл мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешетін белсенді әлеуметтік демократия туралы. Өткір мәселелерді шешуде сындарлы көзқарас пен билікпен диалог маңызды.

«Біз жұмыс істейтін адамдарды қорғау үшін, жұмыс істейтін қарапайым адамдар үшін жұмыс істейміз. Егер қандай да бір сұрақтар болса, мысалы, көбіне жалақы мәселелесі. бір ұйымда қызметкер жалақысы аз болса, біз осы сұрақтардың барлығын қарастырамыз. Қор филалының өз заңгері бар. Біз биліктің бізді төменнен жоғары қарай естуі үшін еститін мемлекет принципін құрамыз. Осы уақытқа дейін өкімет басшыларынын айтқанын істеп келе жатқан халықпыз, халыққа үндеу жасайды, бұл халыққа жетеді, бірақ кері байланыс жоқ. Қарапайым халық барлық сұрақтар мен мәселелерді іштен біледі. Біз өткір мәселелерді қарастыратын қормыз. Мысалы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төленбей қалған жағдайлар, зейнетақы төленбей қалған жағдайлар. Біз барлық осындай сұрақтарды қарастырамыз», — деп атап өтті Қостанай облыстық «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қордың өкілі Асылбек Бермағамбетов

Бей-жай қарамайтын азаматтардың белсенді ұстанымы — ел дамуының баға жетпес ресурсы. Қоғамдық қордың миссиясы — адамдардың пікірін зерттеу, оған жедел әрекет ету, билікке ең өткір мәселелер туралы сигнал беру және оларды шешу жолдарын ұсыну. Бұл Қазақстандықтарға өзекті мәселелер туралы айтуға мүмкіндік береді, ал мемлекет үшін істердің нақты жағдайын және жергілікті жерлердегі іс-әрекеттерді түсіну үшін бағыт бола алады.

«Қордың жақтаушысы болу және тегін заңгерлік көмек алу үшін, егер сіздің құқықтарыңыз кенеттен бұзылса, манифестке қол қоюға болады. Сондай-ақ, инстаграмм парақшамызға біз жұмысшы мамандықтары туралы бейне репортаждар жасаймыз. Бүгін біз мұнда 25 жыл жұмыс істеген диспетчерді түсіреміз. Егер Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізге қатысты қандай да бір сұрақтар туындаса, олар қаралады. Бірақ бұл үшін манифест бар сілтемеге өтіп, деректеріңізді толтырып, оған қол қою керек, сонда біз сізді қордың дерекқорында көреміз. Яғни, егер сізге көмек қажет болса, заңгердің телефоны да бар, сіз қордың жақтаушысы екеніңізді айтып,  сізге қандай да бір көмек қажет екенін айта аласыз», — деп Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Динара Өтебаева қорытындылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *