Өткен аптада Рудный қаласының әкімі мен тұрғындар арасында есептік кездесу өтті. Жиын барысында қала әкімі Виктор Ионенко Ленин көшесінің бойында заманауи Smart-орталық ашу бастамасын ұсынды.
Әлеуметтік нысандарды дамыту мақсатында қаламызда бірқатар өзгерістер жүзеге асырылуда. Солардың бірі — Ленин көшесі, 73 мекенжайында орналасқан №2 гимназияны 1200 оқушыға арналған жаңа ғимаратқа көшіру жоспары. Осыған байланысты Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко аталған мекенжайда заманауи технологиялармен жабдықталған Smart-орталық ашуды ұсынды.
Smart-орталық — қосымша білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ мектеп оқушыларының техникалық модельдеу, бағдарламалау, 3D модельдеу, робототехника және басқа да бағыттардағы әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін инновациялық мекеме.
Қалада балаларға арналған музыка мектебінің жетіспеушілігі де өзекті мәселе болып отыр. 150 оқушыға арналған №2 гимназия ғимараты Smart-орталықтың немесе музыка мектебінің негізі болмақ. Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті талаптарға сай ғимараттың болашағы жоспарлануда.
Жанарай НУРМАХАНБЕТОВА,
Сурет ЖИ