Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Жолдауында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлау мәселесін көтерген еді. Осыған орай республиканың Ұлттық экономика министрлігі орталық мемлекеттік органдармен келісе отырып, мемлекетіміздің кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын әзірлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынғанды.
Бұл заңдағы өзгеріс саяси бәсекелестікті дамытуға және елдің саяси өмірінде белсенді болуға бағытталған. Жалпы, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау –халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге, әкімнің халықтың қажеттіліктері мен мәселелеріне ден қою жеделдігін арттыруға, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.
Елімізде 2021 жылдан бері барлық ауыл әкімін халық сайланып келеді. Ал биылғы жылы алғаш рет азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігі кеңейеді. Себебі 5 қараша күні тұңғыш рет қала және аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Айта кетейік, Қостанай облысы бойынша пилоттық жобаға 5 елді-мекен түсті. Олар: Рудный қаласы, Федоров, Алтынсарин, Қарабалық және Денисов аудандары. Жұмыстар күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі. 15 қазаннан бастап учаскелік комиссиялар сайлаушылар тізімін алды. Халықтың еркін таңдауы арқылы- аймақтың дамуына үлес қосатын зор мүмкіндік болады. Бұл жылы сайлау қанатқақты режімде болса, 2025 жылдан бастап жаппай өткізіле бастайды.
Үміткерлерді ұсыну 16 қыркүйектен басталды. 4 үміткер ұсынылды. Олардың бірі мемлекеттік қызмет департаментіне сәйкес келмеді. Сондықтан қазіргі уақытта үш үміткер бар. 1970 жылы туған Виктор Ионенконың кандидатурасын «AMANAT» партиясы ұсынды. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен екі кандидат белгіленді. Рудныйлықтарға Рудный әкімінің экономика мәселелері жөніндегі бұрынғы орынбасары ретінде белгілі 1983 жылы туған Денис Петрухно бүгінде Қостанай әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып табылады. Максим Устинов 1991 жылы туған, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады. Рудный қаласының әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну процесі осымен аяқталды. 9 қазанда әкімдіктің сайтында қалалық сайлау комиссиясының қала әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы ресми хабарламасы жарияланды.
5 қарашада өтетін сайлауда 82 мыңнан астам Рудныйлықтар өздерінің сайлау құқығын пайдалана алады. Барлығы Рудный қаласында 47 учаскі бар, оның 5-і Қашар кентінде және біреуі Перцев пен Горняцк ауылдарында. Сондай – ақ азаматтардың уақытша болуына арналған үш учаскі бар. Бұл көпсалалы аурухана ғимаратында 173-ші, Қашар кентінің көпсалалы ауруханасында 177–ші және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 849-шы учаскілер.
Сайлау науқаны 4 қарашаға дейін өтеді. Заңнама бойынша сайлауға 16 күн қалғанда сайлаушылар дауыс беру құқығына есептен шығару куәліктерін алады. Осы есептен шығару куәліктері бойынша Рудный қаласының сайлаушылары мысалы Қашар немесе Перцевка жерлерінде жұмыс істейтін болса, онда алдын ала өтініш жазып дауыс бере алады.
Сайлаушыларға қай учаскеде дауыс беру керектігін алдын-ала білуге кеңес береміз. Қала тұрғындары мұны Call-орталыққа қоңырау шалу арқылы жасай алады: 4-12-77, 4-54-07, 4-41-25.
Сания Сактаган