Әлемде 65 жастан асқандар арасында өлім көрсеткіші 167 пайызға артты

Керісінше, соңғы 10 жылда шамадан тыс жауын-шашын 61 пайызға ұлғайған.

Климаттың өзгеруі бойынша The Lancet Countdown жариялаған есеп әлем қауіпсіздігіне қатысты деректерді қамтыды және бұл көрсеткіштер қуантарлық емес. Есепке сенсек, жаһандық климаттың өзгеруінен адам денсаулығына төнетін қауіптер ең рекордты мәндерге болған.
Есепте климаттың адам денсаулығына теріс ықпалы бойынша 15 индикатор айқындалған болса, солардың 10-ы бойынша қауіп шектен тыс күшейген.

«2023 жыл бақылаулар тарихындағы ең ыстық жыл болды. Ұдайы құрғақшылықтар болып, аптап ыстық адамдардың өліміне әкелді, орман өрттері көбейді, дауылдар мен сел тасқындары болды. Мұның бәрі адамдардың денсаулығы мен өміріне кері әсерін тигізеді. Өткен жылы адам денсаулығына қолайсыз температура әдеттегіден 50 күнге артық созылды және құрғақшылық әлемдегі құрлықтардың 48 пайызын қамтыды», – делінген есепте.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *