Білім және ғылым министрлігі 8 наурызға арналған кішігірім талдау жариялады. Танысып көріңіздер
- Ғалымдарымыздың жартысынан астамы, яғни 54%-ы әйелдер.
- Докторантурада оқитын қыздар оқуларын көбінесе диссертация қорғаумен аяқтайды. Мысалы, 2020 жылы диссертация қорғаған түлектердің 67,5%-ы қыздар болды.
- Әйел мұғалімдер туралы.
Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭЫДҰ) елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы білім беру жүйесі анағұрлым феминизацияланған (TALIS-2018) 80% жуық.
- ЭЫДҰ сарапшыларының айтуынша, көптеген елде әйел мұғалімдер ер мұғалімдерге қарағанда мамандық таңдауды саналы түрде жасаған. Мысалы, қазақстандық әйел мұғалімдердің 76%-ы болашақ мамандықты таңдаған кезде педагог мамандығына басымдық берілгенін айтқан.
- Сондай-ақ қыздар оқу сауаттылығы (27 ұпайға) және жаратылыстану сауаттылығы бойынша (7 ұпайға) ұлдардан озып шықты. Сонымен бірге ұлдар математикадан мықты деген стереотипті «бұзды». PISA-2018 ұлдардың да, қыздардың да білімі бір деңгейде екенін көрсетті.
- Басқа зерттеулердің (TIMSS-2019, IEA) нәтижелері де 4 және 8-сынып қыздарының ұлдарға қарағанда оң нәтижелерге қол жеткізетінін көрсетті. Немесе кемінде математика мен ғылымда бірдей жетістіктерді көрсетеді.
- Қыздардың басым көпшілігі (68%-дан астамы) келесі мамандықтар бойынша жоғары білім алады:
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 79,1%;
2.Өнер және гуманитарлық ғылымдар — 71%;
- Педагогикалық ғылымдар — 70%;
- Жаратылыстану, математика және статистика — 68%.
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гендерлік теңдік белгіленді:
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 49,5%;
- Бизнес, менеджмент және құқық — 48%.
Ал қыздар көп бармайтын салалар мыналар:
- Техникалық ғылымдар мен технологиялар – 31,6%;
- АКТ — 30%;
- Инженерлік, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары – 28,7%.