10-сынып оқушыларына арналған 20 грант: Іріктеу қашан және қайда өтеді

Байқауға 10 өңірдегі 10-сынып оқушылары қатыса алады.

Қазақстанда Beginit Central Asia by inDrive халықаралық жобасының аясында Қазақстанның 10 өңіріндегі 10-сынып оқушылары InVision U университетінде тегін оқуға 20 грантқа ие бола алады. Жоба IQanat Қоры мен Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен іске асырылады.

Жобаға қатысушыларға қойылатын талаптар: 

  • 10-сынып оқушысы болу;
  • Іріктеу туры өтетін өңірлердің (тізім төменде) бірінде тұру;
  • Ата-анасының келісімі болуы;
  • Сауалнаманы толтыру.

Жоба 2024 жылдың қыркүйегінде басталып, Астанада 2025 жылдың маусымында аяқталады.

Жобаның іріктеу турлары қайда және қашан өтеді?

  • Қарағанды: 20 қыркүйек;
  • Өскемен: 24 қыркүйек;
  • Павлодар: 27 қыркүйек;
  • Петропавл: 1 қазан;
  • Қостанай: 4 қазан;
  • Орал: 8 қазан;
  • Ақтөбе: 14 қазан;
  • Ақтау: 17 қазан;
  • Қызылорда: 21 қазан;
  • Тараз: 25 қазан.

Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік 6 қатысушы бағалы сыйлықтармен, соның ішінде шетелге білім беру сапарларымен, ҰБТ-ға дайындық курстарымен және компьютерлермен марапатталады. Сонымен қатар, 20 финалист InVision U университетінде тегін оқуға шақыру алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *