Грант иегерлеріне ай сайын 40 мың теңге шәкіртақы төленеді
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры талапкерлерге 850 білім беру грантын бөлді. Өтініштер 10 тамыздан бастап қабылданады және 17 тамыз күні аяқталады. Білім беру грантының иегерлеріне 1 миллион теңгеге дейін жылдық оқу ақысы төленеді. Конкурсқа кімдер қатыса алады? Қандай құжаттар қажет? Информбюро порталы осы және өзге де сұрақтарға жауап береді.
№1. Білім беру гранты конкурсының шарты қандай?
Грантқа үміткер:
ҰБТ-дан қажет шекті балл алуы керек (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады);
мемлекеттік немесе өзге да грант иеленбеуі керек;
29 жастан аспауы керек.
№2. Конкурсқа кімдер қатыса алады?
ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
мүгедектігі бар азаматтар;
мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының балалары.
№3. Конкурсқа қатысу үшін қайда жүгіну қажет?
Білім беру гранттары байқауына қатысу үшін құжаттарды жоғарғы оқу орындарының қабылдау комиссиясына тапсыру керек. Оқу орны құжаттарды қарап, ҰБТ нәтижесіне қарай білім беру гранты тағайындалатын үміткерлердің тізімін жасайды. Ал грант тағайындалатын талапкерлердің тізімін «Қазақстан халқына» қорының басқармасы бекітеді.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды
№4. Қандай құжаттар талап етіледі?
Конкурсқа қатысу үшін үміткер сауалнама-өтінімі, келісім-хат және білім беру гранты тағайындалатын санатқа тиесілі екенін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
Барлығы үшін:
ҰБТ нәтижесі (түпнұсқа);
үміктердің жеке куәлігінің көшірмесі.
Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар:
Атаулы әлеуметтік көмек алатыны жөнінде анықтама не болмаса
ӘК алушының анықтамасы (egov.kz-тен), ағымдағы жылға өзекті немесе аз қамтылған отбасы екенін растайтын анықтама (әкімдік не жұмыспен қамту орталығынан алуға болады);
жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі.
Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру туралы, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі);
баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі.
Мүгедектігі бар тұлғалар – үміткердің мүгедектігі туралы анықтама (медициналық әлеуметтік сараптама).
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан тұлғалар:
үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі және отбасы мүшесі қатарындағы мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
отбасындағы балалардың (18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
Құжатттама негізінде жасалатын «Қазақстан халқына» қорының анықтамасын ұсынады:
2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар;
төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары.
Ескерту: құжаттардың көшірмесі куәландырылуы керек. Қор қажет болса қосымша құжаттарды сұрай алады.
№5. Кейбір санаттар үшін құжаттама қалай жасалады?
Қаңтарда қаза тапқан азаматтардың балалары және қаңтарда жараланған балалар, төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары үшін жеке шоттар ашылып, әрқайсына құжаттама жасалады. Құжаттамаға ену үшін qazaqstanhalqyna.kz арқылы atamekenim.kz платформасында келесі құжаттарды тіркеп, өтінім беруі керек:
өтініш берушінің/баланың жеке куәлігі;
ҚР азаматының қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама;
қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжат: баланың туу туралы куәлігі, қажет болған жағдайда дербес деректердің өзгеруі туралы анықтама.
№6. Кез келген университетті таңдауға бола ма?
Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді. Білім гранттары 89 оқу орнына бөлінді. Олар:
Аlikhan Bokeikhan University – 10;
Astana IT University – 5;
Esil University – 15;
Азаматтық авиация академиясы – 5;
Логистика және көлік академиясы – 10;
Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы – 10;
Ақтөбе өңірлік университеті – 20;
Алматы энергетика және байланыс университеті – 5;
Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті – 5;
Алматы Менеджмент Университеті – 20;
Алматы технологиялық университеті – 10;
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты – 15;
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – 15;
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті – 10;
Баишев Университеті (Ақтөбе қаласы) – 5;
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті – 10;
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті – 10;
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты – 5;
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 10;
Еуразия технологиялық университеті – 10;
«Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті – 10;
Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұздық инженерлік-техникалық институты – 5;
О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті – 10;
І. Жансүгіров атындағы университет – 10;
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – 5;
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті – 5;
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті – 10;
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – 10;
Еуразия инновациялық университеті – 5;
Қазақ спорт және туризм академиясы – 10;
Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты – 5;
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – 5;
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 20;
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 10;
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 20;
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 20;
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 20;
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 10;
Қазақстан-Американдық еркін университеті – 5;
Қазақ-Британ техникалық университеті – 10;
Алматыдағы Қазақ-Неміс университеті – 5;
Қазақстан-Ресей медициналық университеті – 5;
Қазақ-Орыс Халықаралық университеті – 5;
Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті – 5;
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері универсиеті – 10;
Қазақ технология және бизнес университеті – 5;
Қарағанды индустриалды университеті – 5;
А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті – 10;
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 10;
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – 10;
Каспий қоғамдық университеті – есі 5;
Ш. Есенов атындағы Каспий технология и инжиниринг универсиететі – 10;
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті – 10;
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті – 10;
М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті – 5;
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті – 20;
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті – 10;
Астана медициналық университеті – 10;
Қарағанды медициналық университеті – 10;
Семей медициналық университеті – 5;
ХҚТУ – 10;
Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты – 10;
Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті – 5;
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті – 15;
Халықаралық білім беру корпорациясы – 10;
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 5;
Халықаралық Астана университеті – 10;
Павлодар педагогикалық университеті – 20;
Рудный индустриалды институты – 5;
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – 10;
М.Х.Дулати Тараз өңірлік университеті – 20;
Торайғыров университеті – 20;
А. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті – 5;
СДУ – 10;
Ж.А. Тәшенов атындағы университет – 5;
Шәкәрім атындағы Семей университеті – 10;
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ – 10;
К. Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университеті – 5;
НАРХОЗ Университеті – 20;
«Тұран» университеті – 5;
«Тұран-Астана» университеті – 5;
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті – 20;
Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы – 10;
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – 10;
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – 5;
Қазақ ұлттық өнер академиясы – 5;
«Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университеті – 5;
Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалы – 2;
Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы – 3.