Қазақстанда 17 шілде күні телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 17 шілдеде (сағ. 03:00-ден 17:00-ге дейін) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.