Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын атап өтті.
Мүфтият мәліметінше, келер жылы Рамазан айы 1 наурызда кіреді. Ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түніне белгіленген. Осы орайда басқарма өкілдері белгіленген күндерден бір күн айырмашылық болуы мүмкін екенін ескерткен.
«Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», — делінген хабарламада.