Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды.
«Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
- 1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
- 2. Қазақстан Республикасының үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
- 3. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген жарлықта.