2027 жылы Қазақстанда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өткізіледі. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлада.
Министр Будапешке сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен маңызды кездесу өткізді.

«2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес Олимпиадасының қарсаңында өтеді», – деді Ербол Мырзабосынов.

Оның айтуынша, Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Министр бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізеді деп есептейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *