5 мыңға жуық адам жұмыс күші тапшы өңірлерге көшті. Қай облыстарға қанша адам келді

Олардың 1891-і – қандас болса, 2978-і – қоныс аударушылар.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 4 869 адам, оның ішінде 1 891 қандас және 2 978 қоныс аударушы көшіп келді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бағдарлама аясында шетелден қанша адам келді:

  • Өзбекстаннан – 631 адам;
  • Моңғолиядан – 616 адам;
  • ҚХР – 472 адам;
  • Ресейден – 110 адам;
  • басқа елдерден – 62 адам.

Қазақстан ішіндегі көші-қон:
Қоныстандыру өңірлері бөлінісінде Павлодар облысына – 2036 адам, Солтүстік Қазақстан облысына – 1163 адам, Қостанай облысына – 540 адам, Шығыс Қазақстан облысына – 402 адам, Абай облысына – 362 адам, Ақмола облысына – 285 адам, Қарағанды облысына – 43 адам, Ұлытау облысына – 38 адам қоныс аударды.

«Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9483 адамды көшіру жоспарланып отыр», – делінген министрліктің хабарламасында.

Ерікті қоныс аудару аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:

  • отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде көшуге арналған бір реттік субсидия;
  • отбасы мүшелері саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;
  • қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
  • жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
  • экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.

Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *