БІЛГЕНІҢІЗ АБЗАЛ

Сізге WhatsApp арқылы күтпеген жерден досыңыз немесе туысыңыз ірі көлемде қарызға ақша сұрады ма?

Міндетті түрде қаражат не үшін қажет екенін және ақшаны қандай шотқа аудару керектігін сұраңыз. Сізге РБК картасы немесе шот нөмірі жіберілуі мүмкін.

Егер сіз өзге банк шотына, мысалы Каспий арқылы аударуды ұсынсаңыз, сізге карта қайта шығарылымда деп жауап береді.

Алаяқтар өздерінің қылмыстық схемаларын осылай пайдаланады. Олар фишинг арқылы мессенджерлерге қол жеткізіп, ұқсас хабарламаларды жібереді.

СЕНБЕҢІЗ! Жақындарыңызға немесе достарыңызға қайта қоңырау шалыңыз.

Оларға телефон баптауларындағы байланысты құрылғыларды жоюға кеңес беріңіз.

Ол үшін WhatsApp немесе Telegram-ға кіру керек. Баптауларда “байланысты құрылғыларды” таңдаңыз. Егер құрылғы сізге таныс болмаса, “Шығу”түймесін басыңыз.

Сақ болыңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *