Рудный қаласының көші-қон қызметі А. есімді әйелге құқықтық мәртебесін заңдастыруға көмектесті. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды
Рудный қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі күн сайын халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша қызмет көрсетеді.
Статистика бойынша сұранысқа ие қызметтердің бірі «Қазақстан
Республикасының халқын, оның ішінде ҚР-на тұрақты тұруға оралған азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу» болды.
Рудный қаласы ПБ көші-қон қызметінің аға инспекторы Қымбат Туткина жыл басынан бері бұл қызметті 2 мыңға жуық адам, оның ішінде елге оралған 9 азамат алғанын айтты.
Олардың арасында 2019 жылы ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығуды рәсімдеген рудныйлық та бар. Ресей Федерациясында шамамен бір жыл тұрып, 2020 жылы Рудный қаласына оралды. Енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты ол уақытша тіркеуден өтті.
Пандемияның екі жылында жағдай өзгерді және ол одан әрі тұрақты тұру үшін ҚР-да қалуға шешім қабылдады.
Осы санаттағы азаматтарды құжаттандыру ережелеріне сәйкес, Ресей Федерациясының азаматтығы жоқ екендігі туралы ақпарат беру керек, ал А.-ның аталмыш анықтаманы алу үшін елден шығу мүмкіндігі болмады.
Анықтаманы Ресей Федерациясының Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі арқылы, сондай-ақ уәкілетті органның сұрауы арқылы алу үшін белгісіз уақыт күту қажет болды.
Құқықтық мәртебе алу процесін тездету үшін Рудный қалалық ПБ көші-қон қызметінің аға инспекторы Қымбат Туткина А.-ға Ресей Федерациясының Федералдық көші-қон қызметінің сайты арқылы анықтама алу мүмкіндігі туралы айтып берді.
Жауап бір апта ішінде келді, содан кейін тұрақты тіркеу және ҚР азаматының жеке куәлігін алуға өтінім рәсімделді. Енді А.есімді жерлесіміз ҚР толыққанды азаматы болып табылады.
Айзат ИБРАГИМ
газета «Рудненский рабочий»