Ұйымдасқан ұтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының холистік тұрғыдағы мәні – ел үшін еңбек ету идеологиясына тоғыстырылды десек болады.

Осы ретте Президент жолдауындағы ұтымды парадигмаларды төмендегіше жіктеуге болады: Бейбіт өмір мен ел тыныштығы – тәуелсіздік кепілі болуы. Шындығында да, бүгінгі саяси дүрбелеңге толы заманда, әлемдік тәртіп дихотомиясына ұшыраған дәуірде, соғыс пен саяси-әлеуметтік синдромы басым жағдайда әр адам үшін бейбітшілік пен ел іші тыныштығы басты доминат-құндылыққа айналғанын әр азамат сезінуде. Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту – стратегиялық мақсатқа айналуы.

Біздің пікірімізше, экономиканың әлеуметтік бағдарының басымдыққа ие болуы көңілге медет болмақ. Осыған орай, ұлттық және мемлекеттік жоспарлардың ымыраласуы көңілге қонымды. Олардың факторларының өзара үйлесімділігі басты назарда болмақ. Әрине, бұл Мемлекет басшысының алған тәжірибесі мен атқарған қызметінен туындаған ой-түйіндер болғанын білдірмек.

Осы тұста Президент сөз бен істің ‒ егіз ұғым болатынын дәлелдер уақыттың жеткенін меңзейді. Президент жолдауындағы ендігі бір парадигма – ұлт денсаулығы. «Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған», ‒ дей келіп, Мемлекет басшысы бүгінгі ел денсаулығына тікелей үстемдік жүргізіп отырған экократиялық, генакратиялық, социократиялық,
биократиялық мәселелерге баса назар аударуды ұйғарады. Бұл кратиялар бүгін үлкен кеселді факторларға айналып отыр. Олай болса, бүгінгі терең технология өзінің әлеуметтік-моральдық тереңдеуімен із қалдыруда.

Қазір әлеуметтік орта қауіпті аймаққа айналуда. Осыдан азық-түлік, экоорта, ақпарат, биоорта, әлеуметтік коммуникация қауіпсіздігі сияқты парадигмалар қалыптасуда. Бүгінгі ұлт денсаулығы өте
маңызды когнитивті феномен болып отыр. Сондықтан «Ақиқат – басты мақсат» болмақ. Ақиқат империясы – адамзат тарихы болмысы болатыны зайыр. Сапалы білім парадигмасы.

Президент пандемия және постпандемия кезеңіндегі білім беру үдерісіне салыстырмалы талдау жасай келе, қашықтан оқыту парадигмасының олқы тұстарын көре білгені қуантады. Ондағы техникалық-әлеуметтік ресурстар кемшіндігі білімдегі кейбір лакуналардың қалыптасуына жол бергені ақиқат. Алдағы уақытта жалпы білім мен кәсіптік басты рухани құндылыққа айналғаны дұрыс. Білімнің жалпы аксиологиялық беделін арттыру үшін қызмет етуміз керек.

Келесі парадигма – инклюзивті білім мәселесі. Қоғамдық орта әр кезде инклюзивті кеңістік болатынын ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан инклюзия – абсолюттік шындық. Олай болса, мемлекеттік саясат та соған бейімделгені дұрыс.

Мемлекет басшысының білім саласын ынталандыруды «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен
толықтырған жөн» деген ұсынысын қолдау керек. Осы тұста тағы бір ескеретін жайт, ол бүгінгі күні еңбек адамын «моральдық ынталандырудың» әлеуметтік-құндылықтық мәртебесі әлсірегенге ұқсайды, оның орнын «материалдық ынталандыру» басымдық танытуда. Осы мәселе ойландыруы керек.

Егер бүгінде 1 наурыз – әлеуметтік ортада Алғыс айту күні дейтін болсақ, онда моральдық ынталандырудың әлеуметтік мәртебесін көтеру шараларын қолға алу керек болар. Еңбек нарығы парадигмасы.

«Қазақстан – әлеуметтік мемлекет», – дейді Президент. Демек, ел, халық, Отан үшін еңбек ету басты рухани құндылыққа айналуы тиіс.

Осы ретте ұлттық идеологияның болуы маңызды. Ол халықты адал еңбекке ұйыстырушы фактор болмақ. Сондықтан «қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі» болатыны анық. Қорыта айтқанда, бұл жолдау халықтық іс деуге негіз бар.

Лариса САТЫБАЛДИЕВА,

Д.Карбышев атындағы

№14 мектептің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *