Есірткі – қоғам дерті

Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түсетiн түрi бар. Өкiнiштiсi сол, осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады.

Нашақорлықтың қалыптасуының екі негізі бар:

Отбасының қалыптастырған жеке тұлғаның спецификалық белгілері.

Сыртқы факторлар, әлеуметтік ортаның ықпалы, есірткінің сәнге айналуы, қиыншылықтар т.б.

Нашақорлыққа қатысты мәселе бойынша нарколог маман Сабина Халниязованы әңгімеге тартқан едік.

Есірткілер немен қауіпті? 

Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді.

Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл.

Есірткілерге тәуелділік деген не?

  • Есірткі тұтынуға күшті, тоқтатуға болмайтын құмарлық
  • Есірткінің мөлшерін үнемі үстемелеудің қажеттілігі
  • Есірткілер болмағанда психикалық және тәндік қолайсыздықтың пайда болуы
  • Қоршаған өмірге қызығушылық төмендеуінің өршуі (ештеңемен әуестенбеу, мектеп, жанұя өміріне, достарға, құрдастарға қызықпау)
  • Зиянды зардаптарын біле тұра, есірткі тұтынуды жалғастыру
  • Тұтынатын есірткілердің мөлшерін және оны пайдалануға байланысты ахуалды бақылау қабылетін жоғалту

Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері қандай?

  • терісінің ағаруы;
  • ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақ ұйықтау)
  • тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)
  • сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)
  • көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы)
  • баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы
  • қозғалу координациясының бұзылуы.

Нашақорлықпен қалай күресуге болады?

Есірткіге қарсы күрес бөлімдерінде қызметкерлердің санын көбейту қажет, өйткені саусақпен санарлық  топқа есірткі бизнесі дес береді деуге сену қиын.

Есірткіні анықтап, ұстап тауып алатын құрал-саймандар,  техникалармен есірткіге қарсы күрес топтарының толық қамтамасыз етілуі керек.

Халниязова Сабина Шамшидинованың нашақорлық туралы қорытындылап айтар сөзі: Нашақорлық ол қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

Дина ДӘУЛЕТКЕЛДІ

А. Байтұрсынов атындағы

Қостанай Өңірлік

университетінің студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *