Әкелер кеңесі керек пе?

Рудный қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясында мектеп ұстаздары мен ата-аналарының өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған «Үндестік» жобасы негізінде «Әкелер кеңесі» өтті. 

Биылғы кеңестің тақырыбы «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі». Іс-шара «Мен жақсы әкемін бе?», «Ең жылдам әке» атты кезеңдермен топтық жұмыстар арқылы өткізілген. Сондай-ақ, асқар тау әкелерге қамшы өру, қонақасын жіліктеп мүшелеу, ат әбзелдерін атау секілді ұлттық салт-дәстүрге негізделген тапсырмалар да берілді. Мектеп әкімшілігі мәліметіне сәйкес, іс шара жыл сайын өткізіледі. Алайда, «бұл кеңес бұрыңғыдан өзгерек» дейді мамандар.

«Әкелер кеңесінің мақсаты — мектеп пен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты, оқушылардың әкелерге деген құрмет сезімін нығайту. Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әкенің мінез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы екендігін үлкендер назарына салумыз қажет. Осы орайда, әкенің бала тәрбиесіне, оның біліміне, тәртібіне ықпал етуіне, ата-ана белсенділігін арттыруға бағытталған жыл сайынғы кеңесті ұйымдастырдық. Бұл кеңестің басқа жылдардағы кеңестерден айырмашылығы: биыл ұлттық педагогикамыздың элементтеріне сүйене отырып өткіздік. Іс-шараға жалпы жоғары сынып оқушыларының 16 әкелері шақырылған еді, алайда 12 әке ғана қатысты. Біз өз уақыттарын аямай ықпалдасқаны үшін әкелерге зор алғысымызды білдіреміз.»,-дейді директордың ТЖ орынбасары Роза Ахметова.

Халық аузында «Бір әкенің берер тәрбиесін жүз мектеп ауыстыра алмайды» демекші, ұрпақ тәрбиесіне әкелеріміздің сабақтасуы көңілімізді марқайтады. Салауатты өмір салтын ұстанған әкелер балаларды зиянды әрекеттерден сақтап, бос уақытын тиімді ұйымдастыруда зор үлес қосатыны сөзсіз. Алдағы уақытта әкелер кеңесін әр тоқсан сайын өткізу жоспарлануда.

Айлин БЕКЕТОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *