БИЗНЕС ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУ ҮШІН

Қасым – Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің              перзенттік парызымыз».

ЖОЛДАУ

Ел Президенті ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне жайында: «Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді. Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда «қолайлы», — деп атап өткен болатын.

Жолдауда айтылғандай, шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керек. Қазіргі таңда «Қарапайым заттар экономикасы» — басымдық берілген жобаларды несиелеу механизм бағдарламасы болып табылады.  Бұл несие күнделікті тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерге үлкен мүмкіндік. Өйткені, бағдарлама аясында несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, қарыз жүгін азайту және банк талап еткен кепілзат жеткіліксіз болғанда – кепілдік беру қарастырылған. Яғни, өндірісін дамытуды көздеген кәсіпкер мемлекеттен 5 жылға дейін мерзімді қаржыландырылып, субсидияланады.

«ДАМУ» ҚОРЫ

ҚР Ұлттық Банкі (16,75%) базалық мөлшерлемесіне  +4,5%, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді. Ал,  айналым қаражатын толтыру үшін қаржыландыруды — 3 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.  Бұл компанияға жүктемені айтарлықтай төмендетуді білдіреді. Сонымен қатар, кәсіпкерге несие сомасы мөлшерінде шектеулер жоқ. Кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда, «Даму» Қоры 1 миллиард теңгеге дейінгі несие үшін несие сомасының 50 пайызына кепілдік береді. Сондай-ақ, «Даму» Қорының субсидиялауға және несиелік кепілдікке өтінімдері «Электрондық үкімет» (E-gov) және «Онлайн Даму» платформалары арқылы онлайн режимінде қаралады.

Сонымен қатар, бүгінде елімізде субсидиялау, кепілдік беру бойынша «Атамекен» ҰКП ҚР Ұлттық Экономика министрлігі алдында кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген мерзімі 4 жылдан асып кеткен несиелерді қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді. Осыған дейін мемлекеттік бағдарламаның шарттары бойынша кәсіпкерлерге мерзімі 4 жылдан аспайтын несиелерге қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілетін. Ал, қазіргі таңда кәсіп иелері берілген мерзімі 8 жылдан аспайтын несиелерді қайта қаржыландыра алады.

Бұл бағдарламаныңда агенті барлық қалаларда, облыстарда филиалдары бар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ болып табылады. Бүгінде «Даму» қоры екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп қаржыландырылатын жобалар бойынша үшжақты келісімшарттар жасасуда. Ол мәмілелерге мониторинг жүргізеді. Қаражаттың игерілуін бақылауды банк те, қор да жүргізеді. Бірақ ең алдымен, банк жауапты. Өйткені ол негізгі қарыз беруші. Егер қаражатты мақсатсыз пайдалану фактісі тіркелсе, сот процестері басталады.

«Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Оларға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек. Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген жөн. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керек», — деп мемлекет басшысы айтқандай, кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасалуы қажет.

РУДНЫЙДА 84 ЖОБА

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 640,7 мың адам қатысты, 449,9 мың адам жұмысқа орналасты, оның 260,4 мыңы — тұрақты жұмыс. Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 9102 грант берілді. Қазіргі таңда барлық бағыттар бойынша жобаларды субсидиялауға Қостанай облысы бойынша 228 кәсіпкер ие болған. Ал, Рудный қаласында бизнес бастамаларды іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына және мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жастарға жеңілдікті шарттармен грант және микрокредиттер беру көзделген. Бүгінде 1 қарашадағы жағдай бойынша субсидиялау жөніндегі жоспарланған 95 жобаның 59-ы 3 432.1 млн. теңге көлемінде, кепілдік беру бойынша жоспарланған 73 жобаның 25-і 655,5 млн. теңге мөлшерінде берілген.

Жалпы ұлттық жобаның мақсаты — кәсіпкерлік құрылымында сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту, экономика салаларын әртараптандырудың орта бизнес-драйверіне сүйену және бәсекелестікті кешенді дамыту-кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай жасау.

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ

Ұлттық жоба бойынша экономиканың басым секторларында, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге (29 жасқа дейінгі дара кәсіпкер) өтеусіз негізде гранттар беріледі. Гранттың ең жоғары сомасы — 5 млн. теңге. Кәсіпкердің оны іске асыруға арналған шығыстарды ұсынылатын грант көлемінің кемінде 20%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру (ақшалай қаражат) бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады. Жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы қажет. Сонымен қатар, осы жылдың басынан бастап жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық микрокредит беру құралы іске қосылды. Республика бойынша 5,8 мың микрокредит беру көзделген, осы мақсаттарға 28,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Несиені алу үшін бизнес жоспар толығымен әзірлеп, мансап орталығының мамандарына Пионерская көшесі, 21 мекенжайы бойынша 14-кеңседе көрсетуге болады.

ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМА

Айта кетейік, мемлекет басшысының халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау үшін еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Тұжырымдама «сапалы жұмыс орны» ұғымын енгізілмек, ол тұрақты жұмыспен қамту (жылына кемінде 6 ай), еңбекақының лайықты деңгейі (өңірдегі медианалық жалақыдан төмен емес), қауіпсіз еңбек жағдайлары, кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ қоғамдағы құрмет пен танымды қалыптастырады. Ұсынылатын шараларды іске асыру сапалы жұмыс орындарының санын ұлғайтуға және жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға әкеледі. Ел экономикасында 2029 жылға қарай 3,6 млн сапалы жұмыс орнын қамтамасыз ету жоспарлануда, бұл жұмыспен қамтудың жалпы құрылымында 45%-ды құрайды. Бүгінгі күні тұжырымдаманы бекіту туралы қаулының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының қарауында.

Аякөз ҚОЖАБЕКОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *