Қазақстанда бала туу жасы заңмен бекітілмек

Өткен жылы ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босаныпты.

Қазақстанда бала туу жасы заңмен бекітілмек, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Демек, 15 пен 49 жас аралығы қыз-келіншектер «репродуктивті жаста» болып саналады. Және бұл ұғым Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодесіне енгізіледі.

Ал Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 42 жастан кейін қыз-келіншектердің босануы қиындайды. Мұны клиникалық тәжірибе көрсеткен.

Мәселен, жыл сайын репродуктивті клиникаға 49 жастан асқан 25-30 әйел жүгінеді екен. Бұл әйелдер 10-12 жыл бұрын қатырып қойған жұмыртқа клеткасын қолданады немесе экстракорпоральды ұрықтандыру жасайды.

Өткен жылы ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босаныпты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *