Жаңа өмірге жол

Рудный қаласындағы балалар үйі қыркүйектен бастап жаңа режимде жұмыс істеуде

Бүгінгі таңда мекеменің атауы «Рудный қаласының арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» деп өзгертілді. Мұнда 110 бала тұрады: 100 мектеп оқушысы және 10 мектепке дейінгі жастағы балалар.

Тәрбиелеу үдерісі өзгеріссіз қалды. Тәрбиешілер балаларға қазіргі заманғы әлемде бейімделуге, олардың мәселелерін шешуге және қажеттінің бәрін алуға көмектеседі. Қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға да көмек көрсетіледі.

 «Қыркүйектен бастап біз жаңа режимге көштік, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған екі уақытша топ ашылды, – деп атап өтті мекеме директоры Павел Коваль. – Бұрын бұл функцияларды «Балаларды қолдау орталықтары» деп аталатын баспаналар атқаратын, Қостанай мен Жітіқарада орналасқан. Бір орталық жабылып, ондағы балалар бізге ауыстырылады деп шешілді. Қазіргі уақытта сол орталықтан жеті бала бізге ауыстырылды. Сот шешімін күтіп отырмыз. Одан кейін тағы төрт бала ауыстырылады. Біз жаңа режимде жұмыс істейтін боламыз. Біздің қалада немесе жақын маңдағы аудандарда далада қалған балалар денсаулық сақтау, білім беру, полиция қызметкерлер тарапынан бізге жеткізіледі».

Қазіргі уақытта екі топ бар, әрқайсысы 15 баладан тұрады. Бұл топтарға қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар орналастырылады. Егер бала адасып қалса, кезбелік етсе немесе үйден қашып кетсе, уақытша топтарға орналастырылады. Қажет болған жағдайда қосымша уақытша топтар ашылады. Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының аумағы үш-төрт топты орналастыруға мүмкіндік береді. Қостанайда бұрын екі уақытша топ ашылып, тағы бір топ қосылады.

Балаларды бұл топтарға қабылдау алгоритмі әзірленген. Алдымен дәрігерлер визуалды тексеру жүргізіп, медициналық көмек көрсетеді. Психолог баланың осындай жағдайға қалай тап болғанын анықтау үшін сұхбат жүргізеді, сондай-ақ басқа балалармен бірге орналастырмас бұрын минималды медициналық талдаулар жасалады.

Уақытша топта болу мерзімі шектеулі. Адасып қалған баланы алғашқы күні немесе келесі күні үйіне қайтарып алуы мүмкін. Жағдайға байланысты балалар бұл жерде ең көп дегенде алты айға дейін бола алады. Осы уақыт ішінде олардың одан арғы тағдыры туралы сот шешімі қабылданады. Мемлекет балалардың тек киіммен, тамақпен қамтамасыз етілуін ғана емес, сондай-ақ білім алуын да қамтамасыз етеді.

 «Бүгінгі таңда біздің орталықтағы бала киімге, тамаққа, білім мен дамуға мұқтаж емес, – деп атап өтті Павел Коваль. – Барлық мәселелер шешілді. Баланың жаңа өмірге бейімделуі үшін біз олардың мүдделерін табуға тырысамыз. Бұрын мектепке бармаған, сабақ оқуға қызықпаған, қиын жағдайға тап болған балаларға жаңа өмірді көрсетеміз. Баланы қосымша білім беру арқылы жеңіске жетуге, өзіне сенуге, табысқа жетуге болатындығын үйретуге тырысамыз. Өмірде өз орнын табуына көмектесеміз. «Үйдің» және біздің балалардың арасындағы айырмашылық бар. Себебі көптеген «үйдің» балалары да дербес өмірге дайын емес, өз мамандығын таба алмайды және әлеуметтендірілмеген. Олардың ата-аналары отбасыны асырау және ақша табу қамымен айналысуда, ал тәрбиелік үрдіске көп көңіл бөлінбейді. Біздің орталықта балаларды ересек өмірге дайындауға бағытталған тәрбиешілер жұмыс істейді. Олар балалардың балалар үйінде өскеніне қорықпауы үшін бәрін жасайды. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Балалар үйінен шыққан кез келген бала отбасына түсуі мүмкін, ал «үйдегі» бала бір сәтте біздің орталыққа түсуі ықтимал».

Жаздың соңында орталық тәрбиеленушілері лагерьден оралып, оқуға кірісті. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша балалардың 41% мектепті «4» және «5» бағаларына аяқтады. Бұлар – әртүрлі себептермен бұрын мектепке бармаған, үлгерімі төмен болған балалар. Шамамен 10 бала 9-сыныптан кейін 10-сыныпқа өтті және жоғары оқу орындарына түсуге жоспарлап отыр. Орталықтың 16 түлегі ЖОО мен колледждерге кетті. Екі түлек Қостанай мен Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсті. Мысалы, Анастасия Мухитова «Өмірге жолдама» бағдарламасы бойынша Алматыдағы Орталық Азия университетіне түсті.

   — «Өмірге жолдама» бағдарламасын «Нұрбанк» АҚ 10 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Бағдарлама жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жоғары білім алып, кәсіби еңбек қызметі арқылы өзін-өзі жүзеге асыруға көмектеседі. Студенттер тегін жоғары білім алады. «Нұрбанк» студенттердің оқу кезінде тұратын орны, стипендиясы және тамағы бойынша шығындарын өтейді. Бағдарламаның мақсаты – балалардың аяққа тұрып, дербес болуы, жетім балалар үйінде жүргенде олардың бойында қайыршылық немесе өзге біреулерден бір нәрсе күту әдеті қалыптаспауы үшін, – деді Павел Коваль.

Бағдарлама негізін қалаушы, «Нұрбанк» АҚ акционері Эльдар Сәрсеновтің айтуынша, «Өмірге жолдама» білім беру бағдарламасы екі әлеуметтік міндетті орындайды: біріншісі – балалар үйінде және қамқоршылық отбасыларында тәрбиеленетін балалардың жоғары білім алу мәселесін шешу, екіншісі – қазақстандық жастарды әлеуметтендіру және студенттердің жоғары кәсіби, моральдық және азаматтық-құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Мұндай қайырымдылықтың құндылығы – формалды қаржылай көмек көрсетуде емес, жеке қатысуда.

Осы орталықта арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында 14 жыл бойы «Үйге» бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында 300-ден астам бала өз отбасыларын тапты. Соңғы үш жылда мұнда асырап алушы ата аналар мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептен өту – балалар үйінен бала алғысы келетін болашақ асырап алушылар үшін міндетті талап болып табылады. Себебі, бала асырап алғысы келетін адамдарды тәрбиелеуге және дайындауға тиіспіз. Олар бала тәрбиелеу – күнделікті жұмыс екенін, сонымен қатар өздерімен де жұмыс істеу керектігін түсінуі тиіс.

Осы балалар үйінде 10 жылдан астам уақыт бойы кәсіпорындар мен қала тұрғындары тәрбиеленушілермен қарым-қатынас жасау және кездесулер арқылы балалардың әлеуметтенуіне көмектесіп келеді. 18 жасында кеткен кезде көмек пен кеңес алатын адам болуы үшін, биыл «Тәлімгер» жобасы бастау алды. Балалар үйінен ата-анасы бар балалар қиындықтарға тап болған кезде әрдайым үйден қолдау таба алады. Орталықта балалардың барлық мәселелері шешіледі, ал дербес өмірде олар өз мәселелерін өздері шешуге мәжбүр болады.

«Тәлімгерлер ретінде кез келген азамат немесе кәсіпорын бола алады. Егер, біздің орталықтағы балалардың өміріне қатысқысы келетін адамдар болса, біздің есігіміз әрдайым ашық, ал басшылық ынтымақтастыққа дайын. Біз балалардың тағдырына бей-жай қарамайтын пікірлес адамдарды үнемі іздейміз»,- деп қосты орталық басшысы.

Асем БАЙКАНОВА,

автор суреті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *