Рудный қаласында «Мал ұрлаушы» атты жедел – профилактикалық іс-шараның
барысында бірнеше құқық бұзушылықтар тіркелді
Жедел-профилактикалық іс-шара заңсыз ет және мал саудасымен күресуге, сондай-ақ ветеринарлық нормалардың сақталуын тексеруге бағытталған. Іс-шараның мақсаты — ауыл шаруашылығы жануарларының етін сойып, сақтайтын орындарын анықтау, қаңғыбас малдарды тексеру және ет өнімдерін, базарларын қабылдау, сойылған малдың терілері мен ұрланған мал етін сататын орындарды тексеруді қамтиды.
Рудный қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы сауда нүктелерінде кешенді рейдтер өткізіп, супермаркеттерді, базарларды, ет қабылдау орындарын, сондай-ақ ет өнімдері мен малды тасымалдайтын автотранспортты тексерді. Негізгі назар заңды айналымды растайтын құжаттардың бар-жоғына және жануарлардан алынатын өнімдермен саудалауға қойылатын санитарлық нормалардың сақталуына аударылды.
«Қалада ет саудасы мен малды сату бойынша кезең-кезеңімен заңсыз сауда анықталуда, әсіресе базарларда және сауда нүктелерінің маңында. Қала орталығында ет өнімдерін сатып алып, сатумен айналысатын бірнеше дүкендер бар. Олар – «Универсам», «Арман» және «Пятёрочка», олар ет өнімдерінің жеткізушілерімен белсенді жұмыс істейді. Алайда тексеріс кезінде жиі еттің қажетті құжаттарсыз келетіндігі анықталады. Бұл құжаттар болмаса, өнім түрлі аурулармен ластануы мүмкін, бұл өз кезегінде ірі эпидемияларға әкелуі мүмкін», — деп атап өтті қалалық Полиция басқармасының қылмыстық бөлімінің аға жедел уәкілі Бауыржан Манатов. – Егер ет өнімдері туралы айтатын болсақ, онда еттің ветеринарлық қауіпсіздігін растайтын 2-формасы болуы міндетті. Тірі малға да оның шығу тегін және санитарлық жағдайын растайтын 1-форма қажет. Бұл құжаттарсыз ет немесе мал саудаға шығаруға жатпайды, бұл өз кезегінде әкімшілік жауыпқа тартылады».
«Мал ұрлаушы» жедел – профилактикалық іс-шараның барысында мал мен ет өнімдерін заңсыз айналымға жіберуге байланысты бірнеше құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, полиция мал мен етті ветеринарлық құжаттарсыз тасымалдаудың 6 жағдайын тіркеді. Бұл жағдайлар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, рейдтер барысында ауылшаруашылық жануарларын жаю ережелерін 10 бұзушылық анықталды. Бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша жауапқа тартылды.
Мал саудасымен заңсыз айналысуды анықтау бойынша рейдтер кезінде біз ветеринар дәрігері Байдәулет Жармұхамбетовпен әңгімелестік, ол еттің ветеринарлық сараптамадан өту процесі мен оның сатуға рұқсат етілуі үшін қойылатын талаптар туралы айтып берді.
«Саудаға түсетін барлық ет міндетті ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтеді. Құрбандық орындарында немесе сойыс цехтарында сатуға шығарылған әр малға сараптама актісі жасалады. Бұл құжатта малдың қашан сойылғаны, қандай ветеринарлық және санитарлық өңдеулер жүргізілгені және еттің сатуға рұқсат берілгені туралы ақпарат көрсетіледі. Әрбір ет түрі — сиыр еті, қой еті немесе жылқы еті үшін жеке анықтама беріледі. Бұл құжаттар малдың барлық қажетті тексерулерден өткенін, ауруы жоқ екенін және тағамға жарамдылығын растайды. Біз етті түрлі аурулар бойынша тексереміз, егер ол нормаға сай болса, сатуға рұқсат беретін талон шығарамыз», – деді ол.
Сонымен қатар, ол әрбір ет түрі үшін ветеринарлық сертификаттың болуы қажет, ол үш күнге дейін жарамды. Егер ет сатылмаса, қайта тексеруден өткізіліп немесе ол әлі де сатуға жарамды болса, жаңа сараптама актісі беріледі. Маңыздысы, ет зертханалық зерттеулерден өтіп, барлық қажетті ветеринарлық құжаттарға ие болуы тиіс, әйтпесе ол сатуға жіберілмейді.
«Мал ұрлаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жылына бірнеше рет, әдетте үш-төрт рет жүргізіледі.
Айлана ЕРХАНОВА,
Суретті түсірген Султан СЕРТАЕВ