Туған қаламызды абаттандырамыз

«Халық қатысатын бюджет» жобасының бесінші маусымы басталды

2026 жылы жүзеге асырылатын жобаларды жинау 2025 жылғы 20 қаңтардан 1 наурызға дейін жалғасады. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Рудный тұрғындары жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатыса алады. Жобаны қала әкімдігі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі үйлестіреді.

Бұл бастаманың басты мақсаты – тұрғындардың ұсыныстары негізінде қаланы дамыту және абаттандыру. Жоба «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып, азаматтарға өз өмір сапасын жақсартуға тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді.

Ұсыныстарды 18 жастан асқан кез келген Рудный тұрғыны жібере алады. Өтінімдер қалалық әкімдіктің ресми сайтындағы «Халық қатысатын бюджет» бөлімінде қабылданады.

Өтінімді қалай жіберуге болады?

  • Жобаға қатысу үшін өтінім толтырып, төмендегі ақпаратты көрсету қажет:
  • Жобаның атауы мен қысқаша сипаттамасы
  • Нысанның мекенжайы
  • Жобаның эскизі мен сметасы (шамамен алынған болуы мүмкін)
  • нысанның қазіргі күйін көрсететін фотосуреттер
  • Қосымша материалдар (мысалы, презентация).

Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жоба ұсыныстары қоғамдық пайдалану нысандарының құрылысына бағытталуы тиіс екенін ескертеді. Сондай-ақ, жоба бір жылдың ішінде толық іске асырылуы керек.

2025 жылы қандай жобалар жүзеге асырылады?

2025 жылы қолайлы ауа райы басталғаннан кейін 8 жоба жүзеге асырылады. Олардың жалпы құны – 163 миллион теңге. Оның ішінде:

  • 7 жоба – балалар және спорт алаңдарын салу
  • 1 жоба – жаяу жүргіншілер жолдарын салу

Сондай-ақ, 2024 жылы жүзеге аспаған 8 жоба 2025 жылы аяқталады. Олардың жалпы құны 106,6 миллион теңгені құрайды. Бұл жобалардың кешігуіне жеткізушінің өз міндеттемелерін орындамауы себеп болған. Сот шешімімен аталған жеткізуші адал емес деп танылды.

2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталатын жобалар:

  • Балалар алаңы (50 лет Октября көшесі, 106, 112)
  • Спорт алаңы (50 лет Октября көшесі, 106, 112)
  • Көшедегі баскетбол алаңы (Комсомольский даңғылы, 36)
  • Мини-футбол алаңы (Дзержинский көшесі, 8)
  • Балалар спорт алаңы (Пушкин көшесі, жеке сектор)
  • Балалар алаңы мен ауланы жарықтандыру (Качарская көшесі, 5, 7, 9)
  • Ауланы абаттандыру (Сандригайло көшесі, 98 және Качарская көшесі, 51)
  • Балалар алаңы (Сандригайло көшесі, 57)

2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» аясында тек бір жоба жүзеге асты:

  • Көлік тұрағы құрылысы (Сандригайло көшесі, 63/1, 65, 67, 69, 6-ықшамаудан)

Жобалар қандай бағыттарды қамтиды?

  • Көгалдандыру
  • Жаяу жүргіншілер жолдарын салу
  • Тротуарлар, пандустар және арықтарды жөндеу
  • Қоғамдық орындарды (парктер, скверлер, көшелер) жөндеу және жарықтандыру
  • Бордюрлер мен брусчаткаларды жөндеу
  • Қоқыс үйінділерін жою
  • Орындықтар, қоқыс жәшіктері және демалыс орындарын орнату
  • Балалар және спорт алаңдарын салу, жөндеу және жарықтандыру
  • Қала тазалығын қамтамасыз ету

Бұл жоба тұрғындардың өз қаласын көркейтуге тікелей қатысуына мүмкіндік береді. Егер сізде жақсы идеяңыз болса – әкімдік сайты арқылы өтінім жіберіп, қалаңыздың дамуына үлес қосыңыз!

 

Гүлім МҰРАТ,

суретті түсірген Сұлтан СЕРТАЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *