Қазіргі кезде жасанды интеллект (ЖИ) білім беру саласында үлкен өзгерістер жасап жатыр. Жасанды интеллект – бұл адамның ойлау, үйрену және шешім қабылдау қабілетін қайталай алатын арнайы компьютерлік бағдарлама. Ол көп мәліметті тез өңдеп, сұрақтарға нақты жауап береді немесе ұсыныс жасай алады. Мұндай мүмкіндік оқушылар мен мұғалімдерге көп көмек береді, өйткені ол оқуды жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Мен өзім жаңа технологияға бейім ұстаз ретінде бұл үдерісті қуана қабылдаймын. Осы орайда TopIQ платформасы арқылы енгізілген “QAMQOR” жасанды интеллектісі мен үшін нағыз көмекшіге айналды. Бұл көмекші құрал білім берудің мазмұнын байытып, мұғалім мен оқушының жеке мүмкіндіктеріне бейімделе отырып, өз бетінше іздену дағдысын қалыптастырады. Қазірдің өзінде бұл ЖИ платформада 16 оқулықта жүзеге асырылған. Олар: цифрлық сауаттылық, информатика, биология, география және көркем әдеби оқулықтары. Алдағы уақытта оқулықтар саны артатынына сенімдімін.
“QAMQOR” – менің жұмысымдағы жасанды интеллект көмекшісі. Менің байқауымша, “QAMQOR” тек бір алгоритм емес, ол нағыз цифрлық көмекші. Ол маған да, оқушыларыма да дербес оқытуда қолғабыс беріп жүр. Себебі өз пәнім бойынша бірнеше оқулықта осы ЖИ кіріктірілген.
“QAMQOR” – дың артықшылықтары мен мүмкіндіктері:
- Сұрақтарға нақты әрі дәл жауап береді;
- Оқытуға жылдам икемделеді;
- Білім алу процесін дараландырады;
- Уақыт үнемдейді;
- Қолжетімді көмекші.
Жасанды интеллект – бұл болашақ емес, бүгінгі күннің шындығы. Соның дәлелі “QAMQOR” – TopIQ платформасындағы ең қажетті әрі пайдалы жаңалықтардың бірі. Өз тәжірибемде осы құрал арқылы оқушылардың белсенділігі артқанын, жауапкершілігі жоғарылағанын байқадым.
Қорыта айтқанда, білім саласында жасанды интеллектіні орынды және мақсатты қолдану – ұстаздардың уақытын үнемдеп, оқу сапасын арттыратын ең тиімді жолдардың бірі. Өзім бұл бағыттағы дамуды қуана қолдаймын және болашақта “QAMQOR” секілді көмекшілердің мүмкіндігі одан әрі артады деп сенемін.
TOPIQ-мен ТОПТА БОЛАЙЫҚ!
Исаева Айгерим Жумагуловна
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары
TopIQ платформасының әкімшісі
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
Рудный қаласы әкімдігінің
«Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ