TURAQTY JOL

2024 жылдың 29 маусымында «Жаһандық жалпыұлттық сенбілік» өтті. Рудный қаласында Қарттар үйінің аумағы,Тобыл өзенінің жағалауында TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында жаһандық сенбілік өтті.

200-ге жуық тазалық мәселесіне бей-жай қарамайтын жастар өкілдері,оқушылар,қала белсенділері жұмылдырылған іс-шара жас ұрпақтың бойында экомәдениетті дамыту арқылы туған өлкені таза ету және қоршаған ортаға пайда әкелуді мақсат етеді.

Жаһандық сенбілік белсенді жастарды табиғатты қорғауға өз үлестерін қоса алатын эконауқанды іске асырудағы маңызды кезең болып табылады. Бұл өз кезегінде жоба маңыздылығын және оның қоршаған ортаға тигізетін пайдасына зор екені анық. Осы игі жаһандық қозғалыстың белсенді қатысушысы болуға 150-ден астам адам тіркелді.Арнайы іс шараға Рудный қалалық мәслихаттың хатшысы Азамат Қуандықұлы,ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңбырлы Тұқатұлы да қатысып,жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды.

ЮНЕСКО клубының Қостанай облысы бойынша өңірлік өкілеттілігінің үйлестірушісі Қ.Бірманова жаһандық сенбілікке қатысқандарға ЮНЕСКО клубы және өз атынан алғысын білдірді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *