Блог

Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.

Мемлекет басшысы атап өткендей, «Бізге түрлі салаларда, жауапкершіліктен қорықпайтын, ерекше әрі тиімді шешімдер қабылдай алатын жаңа формациядағы басқару тобы қажет. Дәл осындай адамдар ел қалауындағы нәтижеге қол жеткізуге қабілетті».

Іріктеуге қатысу резервшілерге жергілікті жерлерде жаңаша өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Іріктеуге жоғары білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, 35 жастан аспаған еліміздің азаматтары қатыса алады.

Қостанай облысының кадр комиссиясы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, өңірлік резервке іріктеудің мынадай салалық бағыттарын айқындады:

— инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;

— агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;

— экономикалық және қаржылық саясат;

— цифрландыру;

— әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Қатысуға өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1-31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.

Білімді, еңбекқор және жасампаз азаматтарға  өңірлік кадр резервтеріне іріктеуге қатысу үлкен мүмкіндік болмақ.

Жұмыссыз қазақстандықтар қалай миллион теңге ала алады?

63 Қазақстанда жаңа жоба іске қосылды, ол арқылы қазақстандық жастар өз идеяларын жүзеге асыру үшін миллион…

Биыл наурыз айында қазақстандықтар үшін демалыс күндерін қоса алғанда, мереке күндері де көп болады

52 Бұл туралы eGov.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. eGov.kz порталында хабарланғандай, қазақстандықтар мына күндері демалады: бес…

14 ақпан күні Мәжілістің жалпы отырысында көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіруге арналған заң қаралды

16 Оның аясында енді Қазақстан Республикасының азаматтығын алғысы келетін шетелдіктер қазақ тілін білуге міндетті болады. Бұл…

15 АҚПАН АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

35 Рудныйда кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын…

Тағылымы мол салт-дәстүрлерді қадірлейік

79 Еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Ақ орамал — асыл кием» атты іс-шара өткізілді

Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі

57 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың   «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында адал азамат және тұғырлы…

Өлкетану бұрышы

228 «Ұлттық рухани жаңғыру» жылдар бойы сәтті жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлама. Ол бірнеше жобаларға бөлініп…

Қымбат үй жануарларын декларациялау жануар иесінің қалауы бойынша ұсынылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді.

«Иесінің қалауы бойынша, егер шын мәнінде, асыл тұқымды жылқының құны 1000 АЕК-тен асатын болса, оны декларациялауға болады. Өйткені, иесі асыл тұқымды жануарлармен кәсіби тұрғыда айналысып, оны сатса, сол ақшадан тағы жануарларды сатып алса, оған бұл сома өз шығындарын растау үшін қажет болады. Мұның бәрі әр иесінің қалауы бойынша жасалады», – деді Қайрат Миятов.

Декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Азаматтар мұны үйден шықпай-ақ, банктік қосымшаларды пайдалана отырып және «Салық төлеуші кабинеті» МКК web-порталы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), moldir.qoldau.kz порталдары арқылы жасай алады.

Жастарға берілген мүмкіндік

51 Жастардың бастамаларын қолдау — мемлекеттің қазіргі кезде басты бағыттарының бірі. Бұл тұрғыда ауқымды жұмыстардың бірі…