Қымбат үй жануарларын декларациялау жануар иесінің қалауы бойынша ұсынылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді.

«Иесінің қалауы бойынша, егер шын мәнінде, асыл тұқымды жылқының құны 1000 АЕК-тен асатын болса, оны декларациялауға болады. Өйткені, иесі асыл тұқымды жануарлармен кәсіби тұрғыда айналысып, оны сатса, сол ақшадан тағы жануарларды сатып алса, оған бұл сома өз шығындарын растау үшін қажет болады. Мұның бәрі әр иесінің қалауы бойынша жасалады», – деді Қайрат Миятов.

Декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Азаматтар мұны үйден шықпай-ақ, банктік қосымшаларды пайдалана отырып және «Салық төлеуші кабинеті» МКК web-порталы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), moldir.qoldau.kz порталдары арқылы жасай алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *