51 Жастардың бастамаларын қолдау — мемлекеттің қазіргі кезде басты бағыттарының бірі. Бұл тұрғыда ауқымды жұмыстардың бірі…
Блог
Жат діни ағымдардың зардабы
217 Бүгінгі таңда дін мәселесі елімізде өте өткір тақырыптардың біріне айналды. Себебі, қазіргі уақытта қоғамда дәстүрлі…
Бюджетке салықтар мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы немесе толық төлемегені үшін айыппұлдар қандай?
56 Қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасында осы сұраққа жауап беру мақсатында БАҚ өкілдерімен кездесу өтті
Бағдарлама шарты бойынша қазақстандықтарға 9%-пен 25 жылға жеңілдетілген ипотека беріледі. Бастапқы жарна – 20%. Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр растады.
«9-20-25 бағдарламасы мемлекеттік бюджет қосымша қаржыландыру есебінен Отбасы банкпен бірге жүзеге асырылады», – деді Скляр.
Айта кетейік, экс-премьер Әлихан Смайылов 26 қаңтарда Қостанай облысына барған ресми сапарында Қостанай өңірлік университеті студенттерімен кездесуде «9-20-25» бағдарламасының 1 наурызда іске қосылатынын айтқан еді.
«Біз «9-20-25» бағдарламасын әзірледік. Оны «Отбасы банкі» жүзеге асырып, мемлекеттік бюджеттен 150 миллиард теңге бағытталады. Жастардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін бағдарлама жыл сайын жұмыс істейтін болады. жыл сайын 8 мыңға жуық жас отбасы жеңіл шарттармен тұрғын үй сатып ала алады», – деген еді Смайылов.
Бағдарламаға қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді, жоба «Отбасы Банкімен» бірлесіп жүзеге асады. «Отбасы банкі» бағдарлама талаптарын атады. Бағдарламаға қатысушы жаңадан салынып жатқан тұрғын үйді, жеке құрылыс салушылардан сатып ала алады. Жоба нарықтық қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Бюджет қаражаты пайдаланылмайды деді. Бағдарламаға қатысу рәсімінің барынша ашық болуы үшін қарыз алушының келісімімен «Отбасы Банкінің» интернет-ресурстарында несие алғандардың тізімдерін жариялау жоспарлануда.
«Өткен жылы экономикамыз 5,1 пайызға өсті. Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы Үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа алғысымды білдірдім. Бірақ қазір жайбарақат отыруға болмайды, себебі алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет.
Негізгі мақсат – баршаңызға белгілі. Біз 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз.
Сондай-ақ, макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы даму қажет. Сондықтан әрбір қадамды жан-жақты, мұқият ойластырып, батыл әрекет ету керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Үкіметтің жаңа құрамы: 4 министр ауысты
59 Елімізде жаңа Үкімет құрамын тағайындау аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтегі Әлихан Смайыловтың орнына Олжас…
Елімізде өгей ата-анамен тұратын балалар ерекше назарға алынады
52 Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылықтан, буллинг және кибербуллингтен қорғау және көмек көрсетудің арнайы әдістемесі бекітілді. Бұл туралы…
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды
25 Жарлық мәтінінде былай делінген: Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің…
Ағылшын тілін тиімді үйрету жолдары
34 Әлемдік білім беру үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға баса назар аударылады. Оқыту процесіндегі нәтиже ең…
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді
30 Отбасылық зорлық-зомбылық ел аумағында соңғы жылдары күрт көбейіп кеткені бәріне де белгілі. Біздің мемлекетіміздегі басты…