Бағдарлама шарты бойынша қазақстандықтарға 9%-пен 25 жылға жеңілдетілген ипотека беріледі. Бастапқы жарна – 20%. Бұл туралы  Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр растады.

«9-20-25 бағдарламасы мемлекеттік бюджет қосымша қаржыландыру есебінен Отбасы банкпен бірге жүзеге асырылады», – деді Скляр.

Айта кетейік, экс-премьер Әлихан Смайылов 26 қаңтарда Қостанай облысына барған ресми сапарында Қостанай өңірлік университеті студенттерімен кездесуде «9-20-25» бағдарламасының 1 наурызда іске қосылатынын айтқан еді.

«Біз «9-20-25» бағдарламасын әзірледік. Оны «Отбасы банкі» жүзеге асырып, мемлекеттік бюджеттен 150 миллиард теңге бағытталады. Жастардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін бағдарлама жыл сайын жұмыс істейтін болады. жыл сайын 8 мыңға жуық жас отбасы жеңіл шарттармен тұрғын үй сатып ала алады», – деген еді Смайылов.

Бағдарламаға қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді, жоба «Отбасы Банкімен» бірлесіп жүзеге асады. «Отбасы банкі» бағдарлама талаптарын атады. Бағдарламаға қатысушы жаңадан салынып жатқан тұрғын үйді, жеке құрылыс салушылардан сатып ала алады. Жоба нарықтық қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Бюджет қаражаты пайдаланылмайды деді. Бағдарламаға қатысу рәсімінің барынша ашық болуы үшін қарыз алушының келісімімен «Отбасы Банкінің» интернет-ресурстарында несие алғандардың тізімдерін жариялау жоспарлануда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *