Дәуірдің жарық жұлдызы

ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы – өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспендікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым.

Биыл талантты ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Осыған орай Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Тілдерді оқыту орталығының өзге ұлт тыңдаушылары арасында «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты мәнерлеп оқу байқауын өткізді.

Байқаудың шарттары: өзін-өзі таныстыру, ақынның төл шығармаларын жатқа білу, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі, шығармашылығынан хабардар болу. Осы арқылы ұйымдастырушылар қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт арасында дарынды жастарды анықтау және қолдау, Қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеуді мақсат тұтты.

Байқауда «Ахметтанушылар» жақсы көрсеткіштер көрсетті. Нәтижесінде ең үздік тыңдаушылар жеңіске жетті. Олар: Рудный қаласы полиция басқармасы анықтау бөлімінің
анықтаушысы Дарья Вершинина, №9 бастауыш мектеп  директордың тәрбиесі жөніндегі орынбасары Яна Мусатова, Рудный көпсалалы ауруханасының дәрігер-зерттеушісі Наталия Остапчук және №5 балабақшаның тәрбиешісі Татьяна Калинина.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар  табысталды. Құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *