Жалған хабарлама үшін 5 жылға сотталуы мүмкін

Рудный қаласының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді. Сонымен қатар, жалған террористер сот шешімі бойынша оқиға орнына жұмылдырылған жедел әрекет ету қызметтерінің барлық шығындарын толық көлемде өтейді.

Соңғы жылдары біздің қоғамда, мемлекеттік мекемелерде, сауда орталықтарында, адам көп жиналатын орындарда қойылған жарылғыш құрылғылар туралы көрнеу жалған хабарлама жасау сияқты қылмыстық құбылысқа жиі ұшырауда. Мұндай ақпаратты алған кезде құқық қорғау және арнайы органдар дереу және жедел әрекет етіп, күдікті заттарды іздеу, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін тиімді шараларды қолданып, үлкен адами және материалдық шығындар пайдаланады. Бір адамның қылмыстық ниетіне байланысты жүздеген және мыңдаған азаматтар зардап шегеді, олардың арасында балалар, зейнеткерлер, ауру адамдар да бар, сондай-ақ айтарлықтай бюджеттік шығындар жұмсалады. Бұл уақытта мекемелердің қалыпты қызметі тоқтап, оларға үлкен шығын келтіріледі.

Жалған хабарламалар телефон қоңырауы, әлеуметтік желілер арқылы тарату, электрондық пошта немесе басқа да жолмен хабарлама түрінде жасалуы мүмкін. Рудный қаласының прокуратурасының мәлімдеуінше, терроризм актісі туралы  жалған ақпарат бергені және таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» қылмыстық жауапкершілің көзделгенін ескертеді және 5000 АЕК (17 250 000 теңге) дейін немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Аталған қылмыс бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 2023 жылдың басынан бері терроризм актісі былтырғы жылмен салыстырғанда 12% — ға өскені байқалады. Мәселен, өткен жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 141 қылмыстық іс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 160-ты құрайды. Жыл басынан бері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлар үшін 39 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 12 адам жазаның әртүрлі мерзімдері мен түрлеріне сотталды.

Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі — жалған шақыру нәтижесінде халық арасында дүрбелең туындайды. Мұндай хабарламаны алған кезде құқық қорғау және арнайы органдар дереу әрекет етеді, себебі бұл мәселе азаматтарымыздың өміріне қауіп төндіреді. Жарылғыш құрылғыны немесе өзгеше күдікті хаттарды іздеуге едәуір қаражат жұмсалады. Осындай бір қоңырауға барлық қызметтердің шақырылуы әрқашан едәуір күш мен құралдардың жұмсалуына әкеп соқтырады: кіреберіс жолдар жабылады, адамдар эвакуацияланады, өрт сөндіру қызметтері мен жедел жәрдем, жарылыс техникалары мен иттері бар кинологтар жұмылдырылады, полиция қоршауы қойылады, тіпті рейстер тоқтатылады немесе кешіктіріледі. Ал хабарлама жалған екендігі дәлелденсе, шұғыл қызметтер шынымен қауіп төніп тұрған немесе шұғыл көмекке мұқтаж адамдарды құтқару бойынша нақты міндеттерден алшақтайды.

Телефон лаңкестігінің себептері қасақана бұзақылықтан бастап оқушылардың сабақты бұзуға деген құлшынысына дейін әр түрлі болуы мүмкін, —  дейді Рудный қаласының прокуратурасы мамандары. Бомбалар туралы жалған хабарламаларды таратқандар өздерін қылмыскерлермен байланыстырмайды, бірақ кейіннен бас бостандығынан айыруға дейін қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әдетте, жалған хабарламаны белгісіз адамдар телефон қоңырауы немесе әлеуметтік желілер арқылы, соның ішінде бұзақылық ниетпен немесе мас күйінде жібереді. Кейбір азаматтар арнайы қызметтерді тартуға, азаматтарды эвакуациялауға және келіп түскен қауіп-қатерлерді тексеруге байланысты келтірілген материалдық залал үшін жауапкершілігін түсінбей, жалған хабарламаларға жеңіл қарайды.

Қалалық прокуратура халықты, бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды қырағы болуға шақырады. Өзіңізге және жақындарыңызға қарайлап жүріңіздер. Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы мәліметтер болған кезде құқық қорғау және арнайы органдарға дереу хабарлау қажеттігін ұмытпаңыздар.

Жадыра ЕРТАЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *