Сапасыз интернет үшін жауапкершілік

Рудныйдағы байланыс операторларына 10 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтады.

– Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.  Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды, – деп хабарлады Рудный қалалық прокуратурасының прокуроры Еркебұлан Нұрыш.

Прокуратура қандай байланыс операторларына айыппұл салынғанын жариялаған жоқ.

Еркебұлан Нұрыш бұл жағдай қалалық прокуратураның бақылауында екенін және жақын арада байланыс операторлары сигналдың жақсаруына ықпал ететін тағы бірнеше антенна орнататынын айтты.

Сапасыз ұялы байланысқа шағыммен Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясына хабарласқан жөн, телефон: 8(714)2 39-00-01. Байланыс операторлары тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда заңда көзделген шаралар қабылданатын болады. Өтінішті жазбаша нысанда «Қазпошта» АҚ филиалы арқылы немесе электрондық үкімет порталындағы Е-otinish сервисі арқылы онлайн жіберуге болады.

Жадыра ЕРТАЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *