Құрметті рудныйлықтар!

2016 жылдан бастап Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні атап өтіледі, оның мақсаты – ұлттық бірлікті сақтау, қазақстандық патриотизмді, еңбек культін дамыту, барша қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділік, достық пен өзара түсіністік таныту болып табылады.

Өздеріңізге белгілі, 1995 жылы көктемнің бірінші күні елімізде этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудің бірегей институты – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл құрылым этностардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу және сақтау бойынша орасан зор жұмыстар атқаруда.

Бұл мереке – елімізді мекендейтін, иық тірестіре отырып, қуатты мемлекет құрған түрлі этнос өкілдерінің құрмет белгісі болып табылады.

Рудный қаласында тату-тәтті өмір сүріп, қала өмірінің әр саласында абыройлы еңбек етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген көптеген ұлт өкілдері бар. Бұл бір-бірімізге деген құрметті арттыруға, жалпы елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтауға септігін тигізетіні сөзсіз.

Бұл күні біз бұдан да мықты бірігіп, достығымызды, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтуға тиіспіз!

Көктемнің алғашқы күніндегі Алғыс айту күні еліміздің басты байлығы – халық бірлігін одан әрі сақтауға және арттыруға үлес қоссын.

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақыт, еңбектеріңіз жемісті болып, ашық аспан тілеймін!

Жалпыға ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы өркендеп, гүлдене берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *