Бүгін назарларыңызға «ССКӨБ» АҚ Ақпараттық орталығының қызметкері Жарасқан Бекназарұлының жүректен шыққан өлең шумақтарын ұсынып отырмыз. Оқып, өз бағаларыңызды беріңіздер
САҒЫНДЫМ
АУЫЛЫМДЫ
Мен бүгін түс көрдім…
Көрдім мен ауылымды,
Бір сәтке естеп кеттім сауығымды.
Асығып жетем саған ыстық құмым,
Күтіп ал,
Дала, көлім, тау — ұлыңды!
Пендемін топырағыңнан жаратылған,
Елесте ұмытылмас дала тұлғаң.
Асығамын көруге туған жерім,
Сағынышым өзіңе қаратылған.
Сағындым тамшылаған жауыныңды,
Сағындым жазда ескен сағымыңды.
Жатыр сонда әулетім тау-тау болып,
Топырағым құшақтап бауырыңды.
Қу тірлік адамдарды тасалайды,
Бармай көптен сағыныш жазалайды.
Дәл соған туған жерім қапалы ма?!
Түсіме жиі кіріп мазалайды.
Ем болған мың бір дертке ащы суым,
Жан-жануардың қандырып тапты мұңын.
Елімді ен таңбадай ескертетін,
«Шоқалағым» төбе боп қапты бүгін.
«Көсігіне» жан жесе тоймағандай,
Шатқалы бар әдейі сайлағандай.
Қақ төсінде ыстық су ағып жатыр,
Құдайдың құдіретімен қайнағандай.
Күш берер тау-тасыңды аралауым,
Бекерге емес сені даралауым.
Ақсақал бата берер қариядай,
Еңселеніп тұр әне «Қаратауым».
Шақырар перзентім деп жанды тұлғаң,
Баурайыңда талай той, сәнді құрғам.
Еркелесем басымнан сылайтұғын,
Анамдайсың туған жер «Тамды-Трубам!»
АУЫЛЫМ-АЙ…
Ауылым-ай,
Жүдепсің-ау,
Нармая едің түлепсің-ау.
Сыртта көздер таусылды дей ме сені,
Бірақ маған асылсың, жібексің-ау.
Сыңғырлаған үнімен күліп майда,
Серуендеген іздерін тігіп сайға.
Гүл көркі жайнап тұрған аруменен,
Кешегі қылшылдаған жігіт қайда?!
Мектебім жетімсірейт шу кеткендей,
Ата жұртты құм көмді у шөккендей.
Сағыныштан мұң басып жеткенімде,
Көрдім…
Көңіл мұздады су сепкендей.
Қарайлаймын көзде жас жаяу кезіп,
Құлдыраймын жартасқа таяу тозып.
Орныққан ауыр салмақ өр бақытың,
Балақ түріп өтті ме
қаяу озып.
Құлазыған көркіңмен жер табысқан,
Құр шөл болып көрінер ел бағы ұшқан.
Мен болып сен толқында жырлап тұрсың,
Жылап тұрмын сен болып мен де алыстан…
ШӘМШІ АҒАҒА
Иітіп алар мұңайған жанға тірек пе,
Тамсанып тұрдым мауқымды басып бір епке.
Шәмші аға қайда?!
Шәмші аға қайта оралшы,
Бұл сөзім әлде бұйырмай кеткен тілек пе.
Өзіңсіз аға болмай тұр рухты қорек те,
Әндерің қалды жүректе!
Әніңді халық қалықтап ұшқан құс көрген,
Сезімге бөлеп ғашықтар талай түс көрген.
Жиын бір тойда жиналған қауым жүректен,
Әніңді сенің қош көрген.
Жаратқан өзің әуендер талай жандарға,
Жігермен қоса сезімге қалың күш берген.
Ойнақтап ұрпақ жатқанмен даттап сан қылық,
Қашан да сенің елесің жатты жаңғырып.
Қуаншы аға ол жақтан бізге бағып бір,
Ұмытпас сені!
Өрбімес олай паң күдік.
Куәсі бүгін келешек жүр ғой ән қылып,
Бөленген әнге сізбенен атты таң күліп.
Өзіңмен ашқан тарихың бүгін назарлы,
Өшпестей болып болашақтардан жанды үміт.
Өлеңге мен де зейінін қойған ақынмын,
Арнаған саған жырыммен қоса әнді ұқ!
Әніңді тыңдап кей сәтті түнде көз ілдім,
Секілденеді өнерің қыры төзімнің.
Қазақтың вальс жанрының болдың каролі!
Жоқ шығар сірә аталған саған сезім мұң.
Жымия қарап әніме талай өзімнің,
Көзімді жұмып сұлу бір қыздай сызылдым.
Бірақ та аға, өзіңдей болмас көп әндер,
Кейінгі сәтте жазылған әндер бозғұл тым.
Бізге де алдын келгенсің өзің қонақ боп,
Сағынды сені Қызылқұм!
Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ