Диеталық газдалған сусындарды көп ішкен адамның көз көруі нашарлайды. Мұның соңы диабеттің асқынға түріне – ретинопатияға ұласуы мүмкін
Ғалымдар диабетке шалдыққан 609 адамды бақылауға алып, олардың сусын ішу әдебіне мән берген. 73 адам диабеттің бірінші деңгейіне, 510-ы диабеттің екінші деңгейіне шалдыққандар болса, 26-сы белгісіз күйде болған.
Тәжірибеге қатысқан адамдардың 46,8%-ы кәдімгі су мен алкогольсіз сусындарды ішсе, қалғаны диеталық газдалған сусындарды ішкен екен. Сонда байқалғаны – диеталық газдалған сусын ішкен жандар диабетке көбірек шалдыққан екен.
Әсіресе, ретинопатия деген түріне шалдыққандар. Яғни, қанда қант деңгейі көтеріліп кетеді де, содан көздің тор қабығы бүлініп, көруі нашарлайды. Қанда қант аномальды көтеріліп кеткенде, көздің тамырлары тарылып, қан айналмай қалады. Сондықтан диабетке шалдыққан көз дәрігеріне қаралып отыруы керек.
Ғалымдардың айтуынша, газдалған және диеталық сусындардың құрамында қант көп болғандықтан, диабетке шалдыққандар ғана емес, қарапайым адамдардың өздері де ішуді доғаруы тиіс. Әйтпесе, қан қысымына, холестерин көбейіп кетуі сынды ауруларға шалдығуы мүмкін.
Айзат ИБРАГИМОВА
газета «Рудненский рабочий»