Бірінші кезекте Горняцк кентінің жергілікті тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар жолдарды жөндеу, жолаушылар тасымалы, ауылды абаттандыру мәселелерін көтерді, дейді Архимед Мұхамбетов өзінің «Instagram» парақшасында
Барлық сұрақтар бойынша орындаушыларға тиісті тапсырмалар мен жауаптар берілді.
Одан әрі Рудный қ. магистралды жылу желілерінің қайта жаңартылуын қарап шықты. Ағымдағы жылы жылу желілерін қайта жаңартуға 2,4 млрд.теңге бөлінді.
Кейін 40 лет Октября көшесіндегі Марите Бежите атындағы саябақты қарап шықты. Қазіргі уақытта шағын сәулет нысандарын, соның ішінде балалар ойын кешендерін, тренажерларды, орындықтарды, бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде. Учаскенің жалпы ауданы 9 мың ш. м. құрайды.
Сондай-ақ, қаланың жылыту маусымына дайындық бойынша кеңес өткізді. Өндірістік және әлеуметтік кешен объектілерін 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау қарқынды жүріп жатыр.
Содан кейін қалалық жағажайға барды. «ССКӨБ» АҚ күшімен Тобыл өзенінің түбі тазартылып, қоқыс шығарылды, жағажай құмы әкелінді. Бюджет қаражаты есебінен қайыққа түсу жөнделді, волейбол және баскетбол алаңдары жайластырылды, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, сондай-ақ киім ауыстыруға арналған жағажай кабиналары орнатылды. Шомылу аймағы қоршалған.
Келесі жылы батуттар, жағажай қолшатырлары, әткеншектер, бақылау мұнаралары, сондай-ақ құтқару, медициналық, полиция бекеттері орнату жоспарлануда. Жалпы жобаны іске асыруға 290 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.
Одан әрі жастар ресурстық орталығында болды. Өткен жылы мәжіліс залы мен кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың жалпы ауданы 520 ш.м. құрайды, 130 орындық акт залы жабдықталған, сондай-ақ коворкинг орталығы бар.
Соңында Ленин көшесіндегі модульді полиция бекетіне барды. Аталған пункт барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған.
Сапар қорытындысы бойынша Рудный қаласының әкімі Қ.Испергеновке барлық жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.