Қазақстанда отбасының цифрлық картасы жасалады

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады, деп хабарлайды Капитал.Кз

Мемлекет Басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент министрліктің жұмысы туралы, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік кодексті әзірлеу мәселелері жөніндегі ақпаратты тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын арттыруға және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға бағытталатын жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру тәсілдері ұсынылды.

Тамара Дүйсенова президентті отбасының цифрлық картасын жасау, әлеуметтік қызметтер порталын және әлеуметтік қазынашылықтың ақпараттық жүйесін дамыту жоспарларымен таныстырды. Геосаяси жағдайдағы өзгерістерді және еңбек нарығына қысымның өсуін ескере отырып, Мемлекет басшысы көші-қон саясатын дамыту жоспарларын қарады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы жастарға арналған Жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесінің тетіктерін жетілдіру қажеттігін жеке атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *