Шамамен, 2023 жылдың 20 сәуірінен бастап мессенджерлерде мынадай мазмұндағы аудио хабарлама таралуды: «… Қазақстанда 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында интернет болмайды. Кімде бақылау-касса аппараты болса, калькулятор, таразы қойып, халыққа қолма-қол ақша алуға ескертіңіздер».
Аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын ескертеміз!
Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан 2023 жылдың
26 сәуірі мен 10 мамыры аралығында Қазақстанда интернет желісінің болмайтыны туралы ақпарат келіп түскен жоқ.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасында (БКМ) техникалық ақауы болған, электр энергиясы немесе телекоммуникация желісіне қосылу болмаған жағдайда БКМ автономды жұмыс режимінде жұмыс істейтінін хабарлайды. Кассалық аппараттың автономды режимге өтуі туралы кассирге хабарлама арқылы хабарланады.
Автономды режимде болған кезде БКМ автономды фискалдық белгісі көрсетілген чектерді басып шығаруды жалғастыра алады. Барлық басылған чектерді бақылау-касса машинасы өз жадысында сақтайды. Сонымен қатар, БКМ жинақтауышында сақталған деректер негізінде Z-есебін жасайды.
Автономды режимде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы жоқ БКМ 72 сағат жұмыс істей алады.
БКМ автономды режимге көшкен соң жауапты тұлға БКМ пайдалану кезінде «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тауар чектерін беруі қажет. Тауар чектерінің кітабын мемлекеттік кірістер органдарында тіркемей толтыруға болады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі