Полицейлер Рудныйда синтетикалық есірткінің үлкен партиясын тәркіледі

Рудный қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 32 жастағы азаматтан есірткі затының 12 түйіншегін табылды.

Әрі қарай Рудный қаласының саябақ аймағында ұсталған адам жасаған «жасырын орындар» табылды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ас үй шкафынан есірткі заты салынған тағы 70 пакет табылып, тәркіленді. Табылған синтетиканың жалпы салмағы шамамен 30 грамм, бұл үлкен партияны құрайды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі заттарын заңсыз өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *