Соңғы қоңырау елдегі су тасқыны жағдайына байланысты бірыңғай сынып сағатында қайта форматталды. Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді.
3,8 миллион қазақстандық оқушы 2023-2024 оқу жылын аяқтайды, оның 186 мың түлегі мектеп орындығымен қоштасады.
«Бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайына және оқу жылының аяқталуына байланысты 24 мамыр, сенбі күні оқушыларға арналған сабақтар 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағатын өткізумен өтеді. Сынып сағаты кезінде сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен жылдың қорытындысын шығарады. Су тасқыны жағдайына байланысты сабақтар қашықтықтан өткізілетін өңірлерде сынып сағаттары онлайн-форматта өткізіледі», — деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.
11 (12) сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгі» белгілерімен марапаттау барлық мектеп емтихандарын аяқтағаннан кейін 19-22 маусым аралығында өтетіні атап өтілді.
Гүлім МҰРАТ