Жылыту маусымын апатсыз өткізгені үшін бөлім басшылары марапатталды

Қала әкімі Виктор Ионенко маңызды энергетикалық кәсіпорындардың басшылары «ССКӨБ» АҚ «Электр станциясы» филиалының операциялық директоры Новоселов Василий Михайловичке, «Рудный жылу желілері» ЖШС директоры Әбілқайыров Олег Юрьевичке, «Качары Руда» АҚ Қашар жылу орталығының бастығы Петрушков Александр Николаевичке жылу беру маусымын апатсыз өткізуді қамтамасыз етуде кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі, лауаымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін шынайы рахметін білдіріп, алғыс хаттарын табыс етті.

Қала әкімі өз сөзінде жылу жүйесінің апатсыз жұмысын қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін барша ұжымға шын жүректен алғысын білдірді. «Бұл жетістік бірлескен күш-жігердің нәтижесі болды және энергетикалық мамандардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетеді», – деп атап өтті өз сзінде.

«ССКӨБ» АҚ «Электр станциясы» филиалының басшысы Василий Михайлович осы кезеңдегі жұмыстың кейбір аспектілерімен бөлісті.

«Жылыту маусымы энергетикалық кәсіпорындардың жұмысшылары тап болған әртүрлі қиындықтарға байланысты үлкен сынақ болды. Команданың кәсібилігінің, жауапкершілігінің және адал көзқарасы маңызды рөл атқарды. Соның арқасында қаланың жылу жүйесінің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туды десем болады. Қазір жабдықтарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жаңа қазандық салу жұмысы және № 2 турбо жылытқышын жаңарту жобасын басталды. Өткен жылы біз жаңа кранды іске қостық. Осы орайда 2024-2025 жылғы жылыту маусымында болған қателіктермен жұмыс істейміз деп ойлаймын. Жаңа маусымға жақсы жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды деп сеніммен айта аламын», – деді өз сөзінде.

Александр Петрушков 4 жылдан бері «Качары Руда» АҚ Қашар жылу орталығының басшысы қызметінде жұмыс жасайды. Жалпы ұжымда 68 адам қызмет атқарады.

«Жалпы көмірден газға ауысу маусымы қиын болды. Кейбір аймақтарда жағдай тұрақталғанша кішігірім мәселер болды. Құбырлардың бірі жүктемені көтере алмай, жарылған сәттер болды. Енді сол аумақтарда қайта құру болады. Сонымен қатар, 3 қазандықтың құрылысы өтуде. Келесі жылу маусымына дейін аяқтап, іске қосатын боламыз, – дейді орталық басшысы.

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *