МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНДА ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБА

Қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасында салық заңнамасы нормаларының өзгерістерін түсіндіру, салық төлеушілердің сауаттылығын арттыру мақсатында халықпен кездесу өтті.

Жиын барысында мамандар 2024 жылы 1 қаңтардан бастап енгізілетін пилоттық жобаларды, жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшу тәртібін, декларацияны ұсыну тәсілдері мен мерзімдерін, Е-Salyk Azamat, Е-Salyk Business және SalykBot мобильді қосымшалары туралы түсіндірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және басқа да өзекті тақырыптар қамтылды.

Басқармада қазіргі таңда жаңа пилоттық жоба іске қосылды. 2 қазан күні электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жаңарту жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ЭШФ АЖ жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеуге қол жетімді болу мүмкіндігіне ие болды. Биометриялық сәйкестендіру арқылы адамның физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын және оның негізінде оның жеке басын анықтауға болады. Күнделікті қолданысқа келері жылы енеді.

Жүйенің жаңартылған түрінде жаңа пайдаланушы тіркелу кезінде оның цифрлық фотосуреті жасалады, сондай-ақ салық төлеуші басшысының, жеке кәсіпкер немесе жеке тұлғаның ЭЦҚ деректерінің сәйкестігі тексеріледі. Бұрын ЭШФ АЖ-да тіркелген пайдаланушыларға қайта тіркеу кезінде жеке басын биометриялық сәйкестендіруді қолдану талап етілмейді. «Биометрия не үшін енгізіледі?» деген сұраққа көпшілік алдында Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Кожуков жауап берді.

«Мемлекеттік кірістер басқармасы көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шеңберінде «жалған» шот-фактураларды жазып беру тәуекелінің ең жоғары ықтималдығы бар компанияларға қатысты биометриялық сәйкестендіруді пайдалануды жоспарлап отыр. Тауарларды нақты сатпай немесе жұмыстарды орындамай құжаттарды ресімдеу түріндегі теріс пайдалану, адал бизнес үшін қаржылық операциялардың қауіпсіздігі мен сенімділігіне қауіп төндіруді жалғастыруда. Тауарларды нақты сатпай немесе жұмыстарды орындамай, қаржылық құжаттарды ресімдеу фактілері анықталады. Бұл ретте, әкімшілендіру барысында мұндай «ресми» басшылар компаниялардың тіркелгені және олардың атынан шот-фактуралардың жазылып бергені туралы бұрын-соңды естімегені анықталды. Осыған орай заңсыз іс-қимылдарды болдырмау мақсатында пилоттық жоба әзірленуде. Әрине, бірден үйрену қиын. Алдағы уақытта бірқатар өзгерістер болып, жанданады. Бірақ, осы кезден бастап жеке тұлғалар бұл процеске бейімделу қажет екені сөзсіз»,- деді.

Цифрлық жоба биометриялық сәйкестендіруді тек ерекше жағдайларда және жоғары тәуекел дәрежесінде қолдануды көздейді, ол электрондық шот-фактураларды жазатын компаниялардың шамамен 1%-ын құрайды. Digital-ID процедурасы кәсіпті шектемейді: оны кез-келген ыңғайлы уақытта күніне бір рет қана өту керек. Сондай-ақ, салық органдары биометриялық деректерді жинауды жүзеге асырмайды, тексеру электрондық үкімет порталында пайдаланылатын сервистерде жүзеге асырылатын болады.

Жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру бойынша толық нұсқаулық ЭШФ АЖ веб-порталында «Пайдаланушы нұсқаулығы» бөлімінде және мемлекеттік кірістер басқармасының сайтында сілтеме бойынша қолжетімді.

Жадыра ЕРТАЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *