Не көрсем де Алаш үшін көргенім!

Меніңше, Мағжан сынды Алашшыл ағалар өмірге Тәңірдің миссиясын орындау үшін келген сияқты. Отанды сүюдің, мемлекетшіл сананың ең биік үлгісін көрсеткен; көркем мұсылман һәм кәміл адамның өнегесін қалыптастырған шынайы тұлға, айдарлы перзент осы – Мағжандар емес пе еді!

Мағжан поэзиясы – сұлу да ғажап сурет. Көзтартар лағыл, әшекейлі жауһар.

Мағжан тілінде Күлтегін, Бұқар, Махамбет, Абайлардың мәдениеті бар-тын. Мағжан жырында Физули, Низами, Руми, Жүніс Емре, Айбектердің махаббат сарыны бар-тын. Мағжан сөзінде ұлтшылдық асқақ рух пен түркілік баба танымы бар-ды. Әйгілі Әуезов айтқандай, «Мағжанның еуропалығын сүйемін!».

Иә, Мағжанның түбіне күңшілдер жетті. Балақтағы бит басқа өрлеп шапқан кер заманда Мағжанды ұмыттыруға тырысты. Өзі – от, өзі – күн болған ақынды қанша қалқаласа да халық санасынан ұмыттырады. Себебі – ол – Мағжан еді!

Бір ғана сөз. Алаш баласының әрқашанғы жігерін жанитын сөз:

Не көрсем де Алаш үшін көргенім –

Маған атақ ҰЛТЫМ үшін өлгенім!

Мағжанның туған күнінде «Мағжан» көркем фильмі түсіріліп жатыр. Тарихи күнмен тұспа-тұс келген фильм сәтті түсірілгей! @meyirgat_amangeldin, @azamatc сынды өнер жұлдыздарына шын тілеулеспіз. Сәтті де қайырлы болсын!

Мағжандай өр тұлғаның рухына Фатиха! Біз оны құрметпен, сағынышпен еске аламыз. Ешқашан ұмытпаймыз!

Елдос ТОҚТАРБАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *