Облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақталды

Өңірдегі негізгі су қоймаларында суды біртіндеп жіберу төмендей бастады. Мәселен, Қаратомар су қоймасында 10 сәуір 18:00-дегі жағдай бойынша  су ағызу секундына 1 320  текше метрді текшеметрді құрады. Қостанай өңірінде су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Сондай-ақ Жоғары Тобыл және Желқуар су қоймалары бойынша су ағызудың төмендеуі байқалады. Өзендердегі су деңгейі де төмендеп келеді. Тобыл өзенінің бас жағындағы су соңғы тәулікте 91 см-ге, Әйет өзенінде 124 см-ге төмен түскені тіркелді.

«Қарасу ауданындағы Тімтуір, Құндызды және Қарасу өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 13-тен 97 см-ге дейін құрады. Облыстың оңтүстік бөлігіндегі Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде судың әлі де жоғары деңгейі сақталып отыр. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жөніндегі жұмыс жалғастырылып жатыр. Біржолғы әлеуметтік төлемдер басталды, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілуде», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінгі таңда 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек 587 отбасына төленді. Жалпы сома 107,3 млн теңгені құрады. Авариялық ажырату салдарынан 28 елді мекен электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Бүгінгі күнде электр бағандары суда қалған, бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатуда, су кеткеннен кейін жұмыс жалғастырылатын болады.

 «Су тасқыны кезінде 24 автожолында қозғалыс шектелді, ал 9 жолдағы қозғалыс қазірдің өзінде қалпына келтірілді, қалғандары бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Арнайы құрылған комиссиялар келтірілген залалды бағалау бойынша жұмысты жалғастыруда. Осы бағалау қорытындысы бойынша барлық зардап шеккендерге залал толық өтелетін болады», – деді спикер.

Рудный қаласындағы Перцев ауылы бойыншада қауіп сейілді. Су деңгейі 20-25 см дейін төмендеген. Бұл жайында қала әкімі Виктор Ионенко Перцев ауылында өткен көшпелі баспасөз конференциясында айтты.

 «Біздің қала Тобыл мен Әйет өзендерінің түйіскен жерінде орналасқан. Ауа температурасының күрт жоғарылауы және қардың қарқынды еруі нәтижесінде аймақта өзендер деңгейінің жоғарылауы байқалады. Сонымен қатар, бұл процесс Ресей Федерациясынан су қоймаларынан судың ағуын арттыруға ықпал етеді. Желқуар, Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Сергеев және Амангелді су қоймаларынан су ағызу ұлғайтылды. Ал Перцев аулында үлкен судың келуі 4 сәуірде басталды. 1,5 шақырым ұзындықта құм үйіндісі – бөгет орнатылды.  30-ға жуық техника жұмылдырылды. Бұл тек әкімдік, ТЖБ, Полиция басқармасы, «Рудный жылу желілері» ЖШС, «Рудный су арнасы» ЖШС күштері ғана емес, сонымен қатар «ССКӨБ»АҚ ауыр жүк техникалары және еріктілердің күш-жігерінің арқасында. Жалпы, ауылдағы су тасқынына қарсы іс-шараларға тәулік бойы 400-ден астам адам қатысты. Қазіргі таңда алдын-алу шаралары сәтті болғандықтан тек кезекшілік қызметкерлері жағдайда қадағалап жүр», – деді қала басшысы.

Перцев ауылының әкімінің айтуынша, мұндай ағынды ұстап тұру өте қиын болған.

«Ауыл тұрғындарын эвакуациялау туралы 3 сәуірден бастап ескертіле бастады. Ал 5 сәуірде олар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Речная көшесінің тұрғындарын бірінші болып эвакуациялады, ал келесі күні ауылдың барлық тұрғындары – 520 адам көшірілді. Ауыл тұрғындарына тұрғын үйлерге рұқсат берілмесе, полиция қызметкерлері ұрлықтың алдын алу үшін үйлерді тәулік бойы күзетті. Алғашқы 2 күні мектеп оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізілді. Баршаңызға, тұрғындармен еріктілерге, әсіресе төтенше жағдайлар басқармасының жас қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді», – деді Зейнелғабиден Әбілов.

Гидрологиялық болжамдар тасқын су ағынының төмендеуін көрсетеді. Бірақ олар әлі бір жарым-екі апта ішінде келеді. Қалпына келтіру азаяды, бірақ толығымен тоқтамайды. Барлық төтенше жағдайлар құзіретті мекемелердің қадағалауында. Осы орайда, жалған ақпаратта таратпауға, дүрбелең салмауға және ресми дереккөздердің мәліметтеріне сенуді сұраймыз!

Жәнібек ҚАЛАБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *