Су тасқыны салдарынан жұқпалы аурулардың пайда болу қаупі бар ма?

Қыс мезгілінде күннің күрт жылынуынан қардың еруі, жауын-шашын және су қоймаларынан келген ағын өзендердегі, көлдердегі су деңгейінің көтерілуі әкеледі. Сәйкесінше, судың санитарлық-эпидемиологиялық сапасының төмендеуі адам денсаулығына әсер етіп, түрлі жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін. Су тасқыны кезінде жиналған қоқыс, еріген қармен бірге жұқпалы аурулардың қоздырғыштары өзендер, көлдер, құдықтағы суларға түсіп, суды ластайтыны белгілі. Осыған байланысты су сапасы қандай, қолдануға болады ма еген сұрақтар туындайтыны рас.

Судың сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері бойынша Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары су тасқыны болған өңірлерде ауыз су сапасына тұрақты мониторинг күшейтілген режимде жүргізілуде деп хабарлады. Ол өз сөзінде, «Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге ауыз су сынамаларын іріктеу және зерттеу тұрақты негізде жүргізіледі. Су сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері бүгінгі күні жұқпалы аурулардың пайда болу қаупі жоқ екенін көрсетеді» деп атап өтті. Жіті ішек инфекцияларымен, А вирустық гепатитімен сырқаттанушылықтың өсуі байқалмайды, жағдай бақылауда. Бүгінгі күні Ұлттық сараптама орталығымен облыстық және қалалық деңгейде қажетті іс-шараларды жүргізу бойынша жұмыс жасалып жатыр.

– Үнемі бақылау жүргізілуде және қажет болған жағдайда іріктеу жиілігі артады. Халыққа берілетін ағын суда, сондай-ақ орталықтандырылмаған құдықтарда және т.б. бақылау жүргізіледі. Бүгінгі таңда бізде 300-ден астам су сынамасы алынды, оның ішінде бактериологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталған жоқ. Яғни, су гигиеналық стандарттарға сәйкес келеді. Аурулардың алдын алу мақсатында біздің қызметіміз, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде шикі ағын су өткізілді, – дейді Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәуре Елшібаева.

Рудный қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы да суды міндетті түрде қайнатып, мүмкіндігінше бөтелкедегі суды пайдалану керек деп хабарлады. Егер жағдай толығымен тұрақтанса, әдеттегідей қолдана аламыз.Қаладағы барлық тамақтану орталықтары азық-түлікті жуу және ас әзірлеуде суды толығымен қайнату арқылы қолдау қажеттідігі туралы ақпаратқа ие.

Сонымен қатар, Рудный қалалық әкімдігі су басқан аумақтардағы жұқпалы аурулардың өршу қаупі туралы мессенджерлерде таратылатын жалған хабарламаларға байланысты өз өтінішін жеткізді. «Рудный су арнасы» ЖШС белгісіз адамдардың күмәнді ақпараттарына және тексерілмеген ұсыныстарына сенбеуін өтінетінін айтты.

– «Соңғы күндері қаламызда үлкен су ағыны орын алғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта «Рудный су арнасы» ЖШС ауыз судың сапасын үнемі қадағалап отыр. Қазіргі таңда ауыз судың сапасы талапқа сай. Біздің басты міндетіміз – барлық тұрғындарды қауіпсіз сумен қамтамасыз ету. Бұл ретте ауыз судың сапасына қатысты сұрақтарыңыз, шағымдарыңыз немесе ескертулеріңіз болса орталық диспетчерлік пунктке 8 (71431) 2-46-45 телефон арқылы хабарласуыңыз қажет.Тек ресми өкілдерге сенім артыңыздар, – деді орталық басшылығы.

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *